Қазақстан халқының жартысына жуығы спортпен айналысады - статистика

© Photo : UnsplashЖүгіру
Жүгіру - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жазылу
Өз бетінше дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың ең жоғары үлесі 36-48 жас аралығындағы адамдарға тиесілі
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Бюро жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан халқының 47,7%-ы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Оның ішінде:
19,2%-ы бос уақытында өз бетінше жаттығады;
28,1%-ы білім беру ұйымдарында өткізілетін спорттық сабақтарға қатысады;
0,4%-ы спортпен кәсіби түрде айналысады.
Қала тұрғындары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысу деңгейі біршама жоғары - 49,3%, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 45,0%-ды құрады.
Өз бетінше дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың ең жоғары үлесі 36-48 жас аралығындағы адамдарға тиесілі (28,4%).
Өңірлік бөліністе 17-28 жас аралығында өз бетінше дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың ең жоғары үлесі Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында байқалады. 36-48 жас аралығындағылар арасында ең жоғары көрсеткіш Павлодар, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында тіркелді. 58 жас және одан жоғары жастағылар арасында Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Алматы қаласы көш бастап тұр.
Жынысы бойынша өз бетінше дене жаттығулары мен спортпен айналысатындар арасында бөлініс іс жүзінде тең: 51,0%-ын ерлер, 49,0%-ын әйелдер құрайды. Ерлер арасында ең жоғары үлес 36-48 жас аралығындағы жас топқа тиесілі (14,4%) болса, әйелдер арасында да 36-48 жас аралығындағы жас тобы көш бастап тұр (13,9%).
Официальные мячи чемпионата мира по футболу 2018 Telstar 18 на тренировке перед матчем группового этапа чемпионата мира по футболу - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Қазақстандықтар ең көп шұғылданатын спорт түрлері белгілі болды
Жаңалықтар
0