Батыс Қазақстандағы зауыт ресейлік мұнайды өңдейді

© Sputnik / Сергей СубботинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2026
Жазылу
Өндірілген бензин мен дизель отынының 30%-ы Қазақстанда қалады
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстандағы "Конденсат" мұнай өңдеу зауыты ресейлік мұнайды өңдейтін болады. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Аккенженов үкіметтегі брифингте мәлімдеді.
Ол министрліктің Ресей Энергетика министрлігінен тиісті өтінім алғанын айтты.
"Мен ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын, өйткені өндірілген бензин мен дизель отынының 30%-ы Қазақстанда қалады, ал қалған бөлігі Ресей Федерациясына жөнелтіледі", - деді Ақкенженов.
Айта кетері, зауыт Қарашығанақ кен орнында орналасқан және оның қуаттылығы 850 000 тоннаны құрайды.
Жаңалықтар
0