https://sputnik.kz/20260824/tustenip-otyrgan-tazalyq-zhumysshylaryn-videoga-tusirgen-ayelge-is-qozgaldy-66050176.html
"Түстеніп отырған": тазалық жұмысшыларын видеоға түсірген әйелге іс қозғалды
"Түстеніп отырған": тазалық жұмысшыларын видеоға түсірген әйелге іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Әйелге қатысты "ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалды 24.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-24T16:11+0500
2026-08-24T16:11+0500
2026-08-24T17:04+0500
алматы
тазалық
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55713014_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_37c7cd77d2f15c4033d02235f322fb4d.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Алматыда түс уақытында демалып отырған тазалық қызметкерлерін бейнекамераға түсіріп, тыныштығын кетірген әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Оқиға 22 тамызда сағат 13:10 шамасында Майлин көшесінің бөлінген жолағында орналасқан аллея аумағында болған.Мекеме өндірістік персоналы тәулік бойы үш ауысымдық режимде жұмыс істейді. Барлық ауысым үшін түскі асқа екі сағаттық екі үзіліс қарастырылған:"Осыған байланысты 2026 жылғы 23 тамызда МКК қызметкерлері арандатушылық сипаттағы түсірілім жүргізген әйелге қатысты Түрксіб аудандық полиция басқармасына арыз жазды. Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйелді анықтады", - дейді әкімдік.Әйелге қатысты "ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалды. Материал Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды."Сонымен қатар тексеру барысында әйелдің итін тұмылдырықсыз серуендеткені анықталды. Жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК (43 250теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55713014_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_1c59794cd44d8bf0b05e3dfa89ea9523.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тазалық
"Түстеніп отырған": тазалық жұмысшыларын видеоға түсірген әйелге іс қозғалды
16:11 24.08.2026 (жаңартылды: 17:04 24.08.2026) Әйелге қатысты "ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалды
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Алматыда түс уақытында демалып отырған тазалық қызметкерлерін бейнекамераға түсіріп, тыныштығын кетірген әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Оқиға 22 тамызда сағат 13:10 шамасында Майлин көшесінің бөлінген жолағында орналасқан аллея аумағында болған.
"Сол уақытта Түрксіб ауданындағы "Алматы тазалық" МКК қызметкерлері түскі үзілісте болған. Түскі үзіліс сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін созылады", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Мекеме өндірістік персоналы тәулік бойы үш ауысымдық режимде жұмыс істейді. Барлық ауысым үшін түскі асқа екі сағаттық екі үзіліс қарастырылған:
күндізгі ауысым: сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін;
түнгі ауысым: сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін.
"Осыған байланысты 2026 жылғы 23 тамызда МКК қызметкерлері арандатушылық сипаттағы түсірілім жүргізген әйелге қатысты Түрксіб аудандық полиция басқармасына арыз жазды. Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйелді анықтады", - дейді әкімдік.
Әйелге қатысты "ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалды. Материал Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
"Сонымен қатар тексеру барысында әйелдің итін тұмылдырықсыз серуендеткені анықталды. Жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК (43 250теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.