https://sputnik.kz/20260824/shygys-qazaqstanda-ayu-58-zhastagy-er-adamga-tap-berdi-66055129.html
Шығыс Қазақстанда аю 58 жастағы ер адамға тап берді
Шығыс Қазақстанда аю 58 жастағы ер адамға тап берді
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккен ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімінде жатты 24.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-24T22:12+0500
2026-08-24T22:12+0500
2026-08-24T22:12+0500
шығыс қазақстан
аю
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0b/17324137_0:0:2877:1619_1920x0_80_0_0_1ed6102d9036930fe89549b744d544bd.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Шілде айының соңында Риддер маңындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығына жақын жерде орналасқан демалыс базасының маңында аю адамға тап берді, деп жазды YK-news.kz.Жыртқыш омартада жұмыс істейтін Риддер қаласының 58 жастағы тұрғынына тұра ұмтылған. Оны қасындағы екі ер адам ажалдан аман алып қалған.Зардап шеккен ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімінде жатқан. Дәрігерлердің мәліметінше, оның басы, қолы мен аяғында ауқымды жарақаттар болған. Атап айтқанда, қолы мен аяғы бірнеше жерден сынып, сүйек сынықтары ығысқан.Осыдан кейін оқиға орнына инспекторлар барып, жануардың көзін жойған.Бұған дейін Шығыс Қазақстанда қоңыр аюлардың саны өскені хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20201030/Ayu-ayelge-tap-berdi-15335147.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0b/17324137_58:0:2593:1901_1920x0_80_0_0_7ce92823454e2074e6eac3b0f3751607.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, аю
Шығыс Қазақстанда аю 58 жастағы ер адамға тап берді
Зардап шеккен ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімінде жатты
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Шілде айының соңында Риддер маңындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығына жақын жерде орналасқан демалыс базасының маңында аю адамға тап берді, деп жазды
YK-news.kz. Жыртқыш омартада жұмыс істейтін Риддер қаласының 58 жастағы тұрғынына тұра ұмтылған. Оны қасындағы екі ер адам ажалдан аман алып қалған.
Зардап шеккен ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде, кейін травматология бөлімінде жатқан. Дәрігерлердің мәліметінше, оның басы, қолы мен аяғында ауқымды жарақаттар болған. Атап айтқанда, қолы мен аяғы бірнеше жерден сынып, сүйек сынықтары ығысқан.
Осыдан кейін оқиға орнына инспекторлар барып, жануардың көзін жойған.
"Адамға нақты қауіп төнген жағдайда ғана аюларды атамыз", – деп хабарлады орман және аңшылық шаруашылығы.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда қоңыр аюлардың саны өскені хабарланған болатын.