сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Путин Тоқаевты Құрылтай сайлауындағы "Әділет" партиясының жеңісімен құттықтады

© POOL / Медиабанкке өтуҚазақстан мен Ресей президенттері
Қазақстан мен Ресей президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2026
Жазылу
Сондай-ақ ол екі ел депутаттарының ынтымақтастығы жалғастынына сенім білдірді
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты "Әділет" партиясының жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Кремль.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, биліктегі "Әділет" партиясының бір палаталы парламентке – Құрылтайға алғашқы сайлаудағы жеңісімен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі және халықтың дауыс беру нәтижелері Сіздің басшылығыңызбен ішкі саяси тұрақтылықты, елдің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауды нығайту бағытында жүргізіліп жатқан бағытқа кең қолдаудың айқын дәлелі", - деп жазды Путин жеделхатта.
Сондай-ақ ол екі ел депутаттарының ынтымақтастығы жалғастынына сенім білдірді.
"Құрылтай депутаттары біздің елдеріміз арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту үшін ресейлік парламентарийлермен жемісті ынтымақтастықта болатынына күмәнім жоқ. Сізге және жаңа халық қалаулыларына жұмыстарыңызда табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына табыс пен береке тілеймін", - деді Путин.
Бұған дейін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жаңа бір палаталы парламент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, сайлаушылардың 71,17%-ы "Әділет" партиясына дауыс берді.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Өзбекстан президенті Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады
Жаңалықтар
0