https://sputnik.kz/20260824/ontustik-onirlerde-100-den-astam-irrigatsiya-kanalyn-avtomattandyru-bastaldy-66028773.html
Оңтүстік өңірлерде 100-ден астам ирригация каналын автоматтандыру басталды
Оңтүстік өңірлерде 100-ден астам ирригация каналын автоматтандыру басталды
Sputnik Қазақстан
Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 857 шақырымды, 65 мың гектар суармалы алқапты қамтиды 24.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-24T08:06+0500
2026-08-24T08:06+0500
2026-08-24T08:16+0500
министрлік
су
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7b0474af17dba555b33ef7c556f43a6e.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аясында 103 ирригация каналын автоматтандыру жұмыстары басталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 857 шақырымды, 65 мың гектар суармалы алқапты қамтиды.Сонымен қатар бұған дейін реконструкциядан өткен жалпы ұзындығы 1 184 шақырым болатын 270 каналды автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, суару каналдарын автоматтандыру элементтерімен және суды есепке алудың заманауи жүйелерін енгізе отырып, реконструкциялауға арналған 264 жоба әзірленіп жатыр.Айта кетейік, министрлік Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. Қазіргі таңда жүйеде 23 мыңнан астам су нысанының деректері цифрландырылып, құрылымдалды. Олардың қатарында 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық нысан бар.
https://sputnik.kz/20260822/su-sharuashylygyna-eki-zhylda-rekordtyq-677-mlrd-tenge-investitsiya-tartyldy--65944596.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4ca45bc049ba01695f88f0727cc87839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, су, цифрландыру
министрлік, су, цифрландыру
Оңтүстік өңірлерде 100-ден астам ирригация каналын автоматтандыру басталды
08:06 24.08.2026 (жаңартылды: 08:16 24.08.2026) Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 857 шақырымды, 65 мың гектар суармалы алқапты қамтиды
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту аясында 103 ирригация каналын автоматтандыру жұмыстары басталды, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 857 шақырымды, 65 мың гектар суармалы алқапты қамтиды.
Сонымен қатар бұған дейін реконструкциядан өткен жалпы ұзындығы 1 184 шақырым болатын 270 каналды автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, суару каналдарын автоматтандыру элементтерімен және суды есепке алудың заманауи жүйелерін енгізе отырып, реконструкциялауға арналған 264 жоба әзірленіп жатыр.
"Цифрлық құралдарды енгізу су ресурстарын басқарудың кешенді әрі көпдеңгейлі жүйесін жоспарлы түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, елдің су қауіпсіздігіне кепілдік беруге және ресурстарды болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді", – деді вице-министр Аслан Абдраимов.
Айта кетейік, министрлік Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. Қазіргі таңда жүйеде 23 мыңнан астам су нысанының деректері цифрландырылып, құрылымдалды. Олардың қатарында 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық нысан бар.