https://sputnik.kz/20260824/mektepter-men-bilim-beru-uyymdarynyn-manynda-baqylau-kusheytiledi-politsiya-eskertu-zhasady-66031711.html
"Мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында бақылау күшейтіледі": полиция ескерту жасады
"Мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында бақылау күшейтіледі": полиция ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріліп жатыр 24.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-24T09:56+0500
2026-08-24T09:56+0500
2026-08-24T09:57+0500
мектеп
оқушы
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.Елімізде "Назар аударыңыз, балалар!" акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – балаларды жолдағы қауіптен қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру.Қазіргі уақытта мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар мектеп автобустары мен балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігі де бақылауға алынған.Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілді.ІІМ ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін күн сайын еске салып отыруға шақырады. Балаларға мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйретудің маңызы зор, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260817/zhurgizushilerge-zhappay-ayyppul-kelip-zhatyr-politsiya-tusinikteme-berdi-65776103.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы, қауіпсіздік
мектеп, оқушы, қауіпсіздік
"Мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында бақылау күшейтіледі": полиция ескерту жасады
09:56 24.08.2026 (жаңартылды: 09:57 24.08.2026) Қазіргі уақытта мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріліп жатыр
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Елімізде "Назар аударыңыз, балалар!" акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – балаларды жолдағы қауіптен қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру.
"Оқу жылы басталар алдында мектептер мен білім беру ұйымдарының маңында бақылау күшейтіледі. Полицияның міндеті – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырады. Әсіресе, балалардың жолға күтпеген жерден шығып қалуы мүмкін екенін әрдайым ескерудің маңызы зор", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар мектеп автобустары мен балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігі де бақылауға алынған.
Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілді.
ІІМ ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін күн сайын еске салып отыруға шақырады. Балаларға мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйретудің маңызы зор, дейді министрлікте.