https://sputnik.kz/20260824/maulit-tuni-qanday-amaldar-zhasau-qazhet-66055382.html
Мәуліт түні қандай амалдар жасау қажет
Мәуліт түні қандай амалдар жасау қажет
Sputnik Қазақстан
Мәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады 24.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-24T21:01+0500
2026-08-24T21:01+0500
2026-08-24T21:01+0500
мәуліт
пайғамбар
діни мерекелер
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
діни күнтізбе
діни жоралғылар
мереке
мейрам
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1f/52060964_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3f6423790d41a4fe4ca59f3e6999c1bb.jpg
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Биыл Хижра жыл санауы бойынша Рабиғул әууел айы 14 тамызда басталып, 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Ислам дінінде оны қасиетті "Мәуліт айы" деп атайды. Себебі осы айда Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген. Ал пайғамбар туған Мәуліт түні 24 тамыздан 25 тамызға қараған түнге сәйкес келіп тұр. Sputnik Қазақстан осы діни мерекеге қатысты маңызды мәліметтерді ұсынады.Мәуліттің мән-мағынасы қандайМәуліт – араб сөзі, қазақша "туған күн" деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, елшілердің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне ол айға сондай атау берілген.Мұхаммед (с.ғ.с.) милади жыл санауы бойынша 571 жылы 20 сәуірде, һижри санауы бойынша Рабиғул-әууал айының 12-сі – дүйсенбі күні туған. Ол дүние есігін ашқанда ғаламда ғажап оқиғалар болған деседі. Дүние нұрға бөленген. Анасы Әмина әйелдер әдеті бойынша толғақ қысу, қан кетуге ұқсас қиыншылықтарды көрмеген. Пайғамбарымыз туғанда үстінен жұпар иіс аңқып тұрған.Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) насихат сөз айтудан гөрі, іспен үлгі көрсетуге ерекше мән берген. Бір нәрсені бұйыратын болса, бірінші оны өзі орындайтын, бір нәрседен тыйым салатын болса, бірінші болып өзі тыйылатын. Мінезі жұмсақ, қолы ашық, жомарт еді және ұдайы күлімсіреп жүрген."Алла елшісінің тістерін ақситып, шері тарқап, шегі қатқанша күлгенін көрмеппін. Ол тек күлімсірейтін", – деп әңгімелейді Әзірет Айша.Мәуліт айында ораза ұстай маМәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады. Қасиетті Мәуліт күнінде жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар жасауға болады. Бұл мереке кезінде шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын алмауы шарт. Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар барлық іс жақсы бидғатқа жатады. Құранда: "Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік", – деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеге аяқ басып, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш.Мәуліт айында ораза ұстап, ауыз бекіту міндетті емес. Мұсылмандар үшін ораза міндеттелген ай – Рамазан айы. Есесіне, Мәуліт айында сауапты амалдар жасап, Құран оқу сүннет."Мәуліттегі мақсатымыз Пайғамбарымызды шектен тыс қиял-ғажайыптар қосып, тәңірге балап ұлықтау емес. Мәуліттегі мақсатымыз – Оны еске алу. Оның теңдессіз тұлғасынан өнегенің бір тамшысын болса да алуға талпыну. Оның кіршіксіз өмірбаянын жадымызда бір жаңғырту. Оған сансыз салауаттар айту, оның есімін әлемге жар салу", – делінген ҚМДБ түсіндірмесінде.Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру.Мәуліт түні не істеу керекМәуліт түні Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Тіпті, Мәуліт түнінің Қадір түнінен де құндырақ екенін айтқан ғалымдар да бар.Пайғамбарымыз Мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбар туған кезде байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амал болып саналады.Пайғамбарды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. "Мәуліт оқу" – пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні – Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбардың туғанына қуанғандар кешіріледі.Мәуліт түнінде салихтарды жинап, салауат оқу, кедейлерге ас беру, сондай-ақ садақа-сыйлық беру, қуанышын білдіру, харам араластырмай мәуліт қасидаларын оқыту үлкен сауап.Мәуліт түні ұйықтамау міндетті емес. Ислам дінінде бұл түнді міндетті түрде ұйықтамай, толық құлшылықпен өткізу деген қағида жоқ.
https://sputnik.kz/20181118/maulit-dini-mereke-paigambar-8132678.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1f/52060964_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_efe46bb47009176a429cbbd02df1c80f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәуліт, пайғамбар, діни мерекелер, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, діни күнтізбе, діни жоралғылар, мереке, мейрам
мәуліт, пайғамбар, діни мерекелер, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, діни күнтізбе, діни жоралғылар, мереке, мейрам
Мәуліт түні қандай амалдар жасау қажет
Мәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Биыл Хижра жыл санауы бойынша Рабиғул әууел айы 14 тамызда басталып, 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Ислам дінінде оны қасиетті "Мәуліт айы" деп атайды. Себебі осы айда Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген. Ал пайғамбар туған Мәуліт түні 24 тамыздан 25 тамызға қараған түнге сәйкес келіп тұр. S
putnik Қазақстан осы діни мерекеге қатысты маңызды мәліметтерді ұсынады.
Мәуліттің мән-мағынасы қандай
Мәуліт – араб сөзі, қазақша "туған күн" деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, елшілердің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне ол айға сондай атау берілген.
Мұхаммед (с.ғ.с.) милади жыл санауы бойынша 571 жылы 20 сәуірде, һижри санауы бойынша Рабиғул-әууал айының 12-сі – дүйсенбі күні туған. Ол дүние есігін ашқанда ғаламда ғажап оқиғалар болған деседі. Дүние нұрға бөленген. Анасы Әмина әйелдер әдеті бойынша толғақ қысу, қан кетуге ұқсас қиыншылықтарды көрмеген. Пайғамбарымыз туғанда үстінен жұпар иіс аңқып тұрған.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) насихат сөз айтудан гөрі, іспен үлгі көрсетуге ерекше мән берген. Бір нәрсені бұйыратын болса, бірінші оны өзі орындайтын, бір нәрседен тыйым салатын болса, бірінші болып өзі тыйылатын. Мінезі жұмсақ, қолы ашық, жомарт еді және ұдайы күлімсіреп жүрген.
"Алла елшісінің тістерін ақситып, шері тарқап, шегі қатқанша күлгенін көрмеппін. Ол тек күлімсірейтін", – деп әңгімелейді Әзірет Айша.
Мәуліт айында ораза ұстай ма
Мәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады. Қасиетті Мәуліт күнінде жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар жасауға болады. Бұл мереке кезінде шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын алмауы шарт. Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар барлық іс жақсы бидғатқа жатады. Құранда: "Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік", – деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеге аяқ басып, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш.
Мәуліт айында ораза ұстап, ауыз бекіту міндетті емес. Мұсылмандар үшін ораза міндеттелген ай – Рамазан айы. Есесіне, Мәуліт айында сауапты амалдар жасап, Құран оқу сүннет.
"Мәуліттегі мақсатымыз Пайғамбарымызды шектен тыс қиял-ғажайыптар қосып, тәңірге балап ұлықтау емес. Мәуліттегі мақсатымыз – Оны еске алу. Оның теңдессіз тұлғасынан өнегенің бір тамшысын болса да алуға талпыну. Оның кіршіксіз өмірбаянын жадымызда бір жаңғырту. Оған сансыз салауаттар айту, оның есімін әлемге жар салу", – делінген ҚМДБ түсіндірмесінде.
Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру.
Мәуліт түні не істеу керек
Мәуліт түні Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Тіпті, Мәуліт түнінің Қадір түнінен де құндырақ екенін айтқан ғалымдар да бар.
Пайғамбарымыз Мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбар туған кезде байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амал болып саналады.
Пайғамбарды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. "Мәуліт оқу" – пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні – Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбардың туғанына қуанғандар кешіріледі.
Мәуліт түнінде салихтарды жинап, салауат оқу, кедейлерге ас беру, сондай-ақ садақа-сыйлық беру, қуанышын білдіру, харам араластырмай мәуліт қасидаларын оқыту үлкен сауап.
Мәуліт түні ұйықтамау міндетті емес. Ислам дінінде бұл түнді міндетті түрде ұйықтамай, толық құлшылықпен өткізу деген қағида жоқ.