сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Сайлауға бірнеше буын өкілдерінің бірге келгені қуантты – ТМД бақылаушылары

© Sputnik / Санат ИмангалиевСемейные пары 75-летних пенсионеров проголосовали в Астане
Семейные пары 75-летних пенсионеров проголосовали в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы парламентке сайлау өтіп жатыр
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Игорь Петришенко Құрылтай сайлауына барлық жастағы қазақстандықтардың белсенді қатысып жатқанын ерекше атап өтті.
Сайлау учаскелерінде заңбұзушылықтар байқалмаған.
"Біз бірде-бір учаскеде кедергілерді, әсіресе дауыс беру нәтижелеріне әсер етуі мүмкін қандай да бір заңбұзушылықтарды көрген жоқпыз. Бірнеше буын өкілдерінің – атасы мен әжесінің, баласы мен немересінің бірге келгені қуантады. Біз мұны да байқадық. Бұл – Қазақстандағы үлкен әрі тату отбасылардың дәстүрлі және ажырамас бөлігі", - деді Петришенко.
Ол ТМД миссиясы сайлаудың алдын ала нәтижелері жарияланғаннан кейін тиісті мәлімдеме жасайтынын айтты.
"Үйлестірушілер кеңесі тиісті мәлімдеме дайындайды. Оның нәтижелері Орталық сайлау комиссиясында өтетін қорытынды баспасөз конференциясынан кейін жарияланады. Онда дауыс берудің алдын ала қорытындылары айтылады", - деді Петришенко.
Sputnik Қазақстан алаңында өткен брифингте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылары да сайлаушылардың белсенділігін атап өтті.
"Дауыс беруге әртүрлі жастағы адамдар келген. Олардың көңіл-күйіне қарап, ешқандай мәжбүрлеу болмаған деген қорытынды жасауға болады", - деп атап өтті Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің сенаторы Марина Сидухина.
"Біз мұнда төртінші күн тұрмыз. Астана тұрғындарының көңіл-күйін көріп отырмыз. Жалпы, сайлау учаскелерінде де, қалада да халықтың белсенділігін байқадық", - деді ол.
Күннің бірінші жартысында бақылаушылар оннан астам сайлау учаскесіне барған.
"Әдетте, егер адамды бір нәрсеге мәжбүрлесе, оның оны жасауға ниеті болмайды және кейінге қалдырады. Ал біз бүгін таңғы сағат 6:45-те учаскелерге келген кезде Қазақстан Республикасының болашағы үшін өз даусын беруге ниет білдірген адамдардың кезегін көрдік", - деді Ресей сенаторы Юлия Лазуткина.
ТМД бақылаушыларының миссиясы Қазақстанның 14 өңірінде және іс жүзінде барлық шетелдегі сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жатыр. Бақылаушылар учаскелік комиссия төрағаларының, хатшылары мен мүшелерінің ұйымдасқан, нақты әрі үйлесімді жұмысын, сондай-ақ сайлаушыларға деген оң және ізгі қарым-қатынасын атап өтті.
Казахстанцы проголосовали на выборах в Курултай в Москве  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Қазақстандықтардың 65,37%-ы дауыс беріп үлгерді
Жаңалықтар
0