сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Сайлау күні қоғамдық тәртіп өрескел бұзылған жоқ – ІІМ

© Sputnik / Санат ИмангалиевВыборы в Курултай в Астане
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Өтініштер мен ақпараттарға жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау күні жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуына жол берілген жоқ. Бұл туралы онлайн-марафон аясында өткен ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі барлық өңірдегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауда ұстап отыр. Мониторинг жүргізу үшін министрліктің жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері пайдаланылуда. Көшелер, қоғамдық орындар және сайлау учаскелеріне іргелес аумақтар бейнебақылау камералары арқылы тұрақты бақыланып отыр.
"Қалалық және аудандық бөлімшелерде кез келген өтініштер мен ақпараттарға жедел әрекет етуге дайын мобильді топтар жұмыс істейді. Жағдайды бақылау тікелей оқиға орнында да, цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы да үздіксіз жүргізілуде", - деп атап өтті Әлекешев.
Ол азаматтардың немесе сайлау комиссияларының өтініштері бойынша полиция қажетті шараларды жедел қабылдауға дайын екенін айтты.
"Қоғамдық тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытып отырған азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Полиция өз жұмысын жалғастырады", - деді министрліктің ресми өкілі.
Жаңалықтар
0