Видео

"Белгілі жағдай ғой": Қошанов өзіне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін Қошанов Астанадағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді
Бүгін Қошанов Астанадағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Бүгін Қошанов Астанадағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Қошанов Астанадағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Сол кезде журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпарат жайында сұрады.
"Жақында әлеуметтік желіде сізді ұсталды деген ақпараттар тарады. Сол жайында не айтасыз?", - деді тілшілер.
Экс-спикер оны фейк-ақпарат деп атады.
"Ол кейбір деструктивті ресурстарда жарияланды. Бұл белгілі жағдай ғой. Елдің арасына іріткі салу, қоғамды адастыру мақсаты дем ойлаймын. Сондықтан осындай жалған дереккөздерге сенбей, ресми ақпарат көздеріне сүйенуіміз керек", - деді Қошанов.
Үкімет мүшелері де алғашқылардың бірі болып дауыс беріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Үкімет басшысы, Астана әкімі және министрлер: тағы кімдер дауыс беріп жатыр
Жаңалықтар
0