Өрмекші-адам, аю және Месси мен Роналду: дауыс беру учаскесіндегі қызықтар - фото
Өрмекші-адам, аю және Месси мен Роналду: дауыс беру учаскесіндегі қызықтар - фото
Sputnik Қазақстан
Бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 7:00-де ашылып, қазақстандықтар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап... 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
Сайлау учаскелерінде ерекше костюмдерімен көзге түскен азаматтар да болды. Олар елден ерекше костюм киіп, сыртқы кейпімен адамдарды таңғалдырды.Дауыс беру учаскесіне барған Өрмекші-адам, робот, "Үміт" жолбарыс, тіпті Месси мен Роналду туралы суреттер топтамасынан көріңіздер.
Бүгін Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 7:00-де ашылып, қазақстандықтар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Сайлау учаскелерінде ерекше костюмдерімен көзге түскен азаматтар да болды. Олар елден ерекше костюм киіп, сыртқы кейпімен адамдарды таңғалдырды.
Дауыс беру учаскесіне барған Өрмекші-адам, робот, "Үміт" жолбарыс, тіпті Месси мен Роналду туралы суреттер топтамасынан көріңіздер.
Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде "футбол жұлдыздары" - Месси мен Роналду да болды. Белгілі болғандай, танымал футболшылардың кейпіндегі екеу - футбол жанкүйерлері болып табылатын екі дос екен.
Ақтаудағы сайлау учаскелерінің біріне "Ағайынды Супер Марио" мультфильмі кейіпкерлерінің киімін киіп келген азаматтар – өз таңдауын жасады. Олар дауыс беріп қана қоймай, сайлаушылар мен сайлау учаскесінің мүшелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.