Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Норвегия Украинаға тоғыз миллиард доллар бөледі

© РИА Новости / Медиабанкке өтуГорода Мира. Осло
Города Мира. Осло - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Бұл көмек азаматтық және әскери мақсаттарға бағытталады
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Норвегия 2027 жылы Украинаға шамамен 9 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Оның ішінде әскери мақсаттарға да қаражат қарастырылған. Бұл туралы корольдік үкіметі хабарлады.
"Үкімет парламентке 2027 жылы Украинаға 85 миллиард норвег кроны (9,2 миллиард доллар – ред.) көлемінде көмек көрсетуді жалғастыруды ұсынады", - делінген Норвегия үкіметінің сайтындағы хабарламада.
Онда бұл көмектің азаматтық және әскери мақсаттарға бағытталатыны нақтыланған.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
 F-16 жойғыш ұшақтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға сататын қару-жарақ көлемін бес есеге қысқартты
Жаңалықтар
0