сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Сайлаушылардың 37%-дан астамы дауыс беріп үлгерді

© Sputnik / Санат ИмангалиевВыборы в Курултай в Астане
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Әдеттегідей Алматыда халықтың белсенділігі төмен
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 12:00-ге дейін дауыс берген адамдардың санын жариялады. Осы уақытта сайлаушылардың 37%-дан астамы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Республика бойынша барлығы 4 670 818 адам дауыс берген. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,05%-ын құрады.
© Photo : Орталық сайлау комиссиясыДауыс беру жағынан белсенді өңірлердің тізімі жарияланды
Дауыс беру жағынан белсенді өңірлердің тізімі жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Дауыс беру жағынан белсенді өңірлердің тізімі жарияланды
Қазіргі кезде Қызылорда, Қарағанды, Жетісу, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе облыстарының тұрғындары дауыс беруге белсене қатысып жатыр. Алматыда халықтың белсенділігі төмен.
Астана қаласы бойынша - 35,28%.
Абай облысы бойынша – 38,51%.
Ақмола облысы бойынша – 39,57%.
Ақтөбе облысы бойынша – 42,53%.
Алматы облысы бойынша – 39,05%.
Атырау облысы бойынша – 35,84%.
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 35,49%.
Жамбыл облысы бойынша – 35,54%.
Жетісу облысы бойынша – 47,29%.
Қарағанды облысы бойынша – 40,56%.
Қостанай облысы бойынша – 34,72%.
Қызылорда облысы бойынша – 47,59%.
Маңғыстау облысы бойынша – 34,68%.
Павлодар облысы бойынша – 35,74%.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 38,13%.
Түркістан облысы бойынша – 43,14%.
Ұлытау облысы бойынша – 34,93%.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,89%.
Алматы қаласы бойынша – 17,87%.
Шымкент қаласы бойынша – 41,60%.
Айта кетері, Құрылтай сайлауында дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың жалпы саны 12 605 788 адамды құрайды.
Дауыс беру учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауы: үш сағатта қанша адам дауыс берді
Жаңалықтар
0