сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Дауыс бергендер үлесі 72,15 %-ға жетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевВыборы в Курултай в Астане
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Жазылу
Ең жоғары белсенділік Түркістан облысында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқан сайлаушылардың саны сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 9 095 298 адамға жетті. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 90,17%. Одан кейін Жетісу облысы — 89,69%, Қызылорда облысы — 88,09%, Шығыс Қазақстан облысы — 85,43% және Ақтөбе облысы — 84,95%.
Өңірлердегі сайлаушылардың қатысу көрсеткіші:
Астана — 49,87%
Абай облысы — 77,54%
Ақмола облысы — 78,95%
Ақтөбе облысы — 84,95%
Алматы облысы — 70,04%
Атырау облысы — 69,05%
Батыс Қазақстан облысы — 71,15%
Жамбыл облысы — 83,99%
Жетісу облысы — 89,69%
Қарағанды облысы — 74,78%
Қостанай облысы — 75,31%
Қызылорда облысы — 88,09%
Маңғыстау облысы — 70,61%
Павлодар облысы — 69,99%
Солтүстік Қазақстан облысы — 75,14%
Түркістан облысы — 90,17%
Ұлытау облысы — 68,23%
Шығыс Қазақстан облысы — 85,43%
Алматы қаласы — 41,06%
Шымкент — 71,89%
Сонымен қатар сайлаушылар уақытша болатын орындардағы 548 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Заседание ЦИК Казахстана перед выборами в Курултай - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Инфографика
Құрылтай сайлауы: сағат 18:00-дегі мәлімет – инфографика
Жаңалықтар
0