https://sputnik.kz/20260823/astana-men-atyrauda-birinshi-bolyp-kelgen-saylaushylarga-syylyq-berildi-65960786.html
Астана мен Атырауда бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді
Астана мен Атырауда бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді
Sputnik Қазақстан
Өз учаскесіне бірінші болып келген сайлаушыларға тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, кеңсе заттары және тағы басқа қажетті заттар сыйға берілді 23.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-23T08:57+0500
2026-08-23T08:57+0500
2026-08-23T09:00+0500
құрылтай сайлауы - 2026
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65958673_0:171:405:399_1920x0_80_0_0_394577b3ca1e761bc46aad326b2faf74.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Астанада Құрылтай сайлауына бірінші болып келгендерге сыйлық таратылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Таңғы сағат 7:00-де ашылған сайлау учаскелеріне егде жастағы адамдар көп келді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да өз таңдауын жасауға асықты. Оларды комиссия мүшелері қарсы алып, естелік сыйлықтарды табыстады.Өз учаскесіне бірінші болып келген сайлаушыларға тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, кеңсе заттары және тағы басқа қажетті заттар сыйға берілді.Астанада барлығы 517 сайлау учаскесі ашылды. Құрылтай сайлауына байланысты Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін.Айта кетері, астаналықтар өздерінің сайлау учаскесін sailau.astana.kz веб-сервисі, @sailau_astana_bot Telegram-боты, 2GIS қосымшасы немесе 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы біле алады.Сонымен қатар Атыраудағы №241 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Айша Шакмановаға арнайы сыйлық табысталды. Ол таңсәріден учаскеге келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.Алғашқы болып дауыс берген тұрғынға сыйлық табыстау – азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған игі бастама.
https://sputnik.kz/20260823/dauys-beru-kuni-astanalyqtar-qogamdyq-kolikpen-tegin-zhurip-zhatyr-65958290.html
https://sputnik.kz/20260823/qazaqstandagy-en-qart-turgyn-quryltay-saylauynda-dauys-berdi-65957284.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/17/65958673_0:208:405:512_1920x0_80_0_0_82a6bdc9d9f178b25e9084865e1ed4bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Астана мен Атырауда бірінші болып келген сайлаушыларға сыйлық берілді
08:57 23.08.2026 (жаңартылды: 09:00 23.08.2026) Өз учаскесіне бірінші болып келген сайлаушыларға тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, кеңсе заттары және тағы басқа қажетті заттар сыйға берілді
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Астанада Құрылтай сайлауына бірінші болып келгендерге сыйлық таратылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Таңғы сағат 7:00-де ашылған сайлау учаскелеріне егде жастағы адамдар көп келді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да өз таңдауын жасауға асықты. Оларды комиссия мүшелері қарсы алып, естелік сыйлықтарды табыстады.
Өз учаскесіне бірінші болып келген сайлаушыларға тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, кеңсе заттары және тағы басқа қажетті заттар сыйға берілді.
Астанада барлығы 517 сайлау учаскесі ашылды. Құрылтай сайлауына байланысты Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін.
Айта кетері, астаналықтар өздерінің сайлау учаскесін sailau.astana.kz веб-сервисі, @sailau_astana_bot Telegram-боты, 2GIS қосымшасы немесе 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы біле алады.
Сонымен қатар Атыраудағы №241 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Айша Шакмановаға арнайы сыйлық табысталды. Ол таңсәріден учаскеге келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
"Әр сайлауға алғашқылардың бірі болып келуге тырысамын. Бұл мен үшін маңызды. Өйткені бүгінгі таңдауым – балаларымның, өзімнің және елімнің болашағы үшін маңызды", – дейді Айша Шакманова.
Алғашқы болып дауыс берген тұрғынға сыйлық табыстау – азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған игі бастама.