Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қарулы күштері Озон қойма кешеніне шабуыл жасады

© Sputnik / Наталья СеливерстоваВывеска интернет-магазина Ozon
Вывеска интернет-магазина Ozon - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
Жазылу
Ozon Самара облысындағы қойманың жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатқаны туралы мәлімдеді
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Украина қарулы күштері Самара облысындағы Озон қоймасына шабуыл жасады, деп хабарлады губернатор Вячеслав Федорищев.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Жаудың бірнеше ондаған дрондары атып түсірілді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінде зақым бар. Ozon логистикалық кешеніне шабуыл тіркелді", - деп жазды ол "Макс" платформасында.
Бірнеше адам жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп қосты өңір басшысы.
Ozon Самара облысындағы қойманың жұмысын белгісіз мерзімге тоқтатқаны туралы мәлімдеді. Бұл ретте желі қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп атап өтті компания.
Wildberries - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Wildberries қоймаларындағы өрт: қазақстандық кәсіпкерлерге өтемақы төлене ме
Жаңалықтар
0