Елімізде 27 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

© фото предоставлено Жанибеком КенжебаевымЕлімізде 27 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды
Елімізде 27 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
Жазылу
22,8 млн тонна шөп, 2,1 млн тонна пішендеме дайындалған
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Қазақстан өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасып жатыр.
Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдағы қысқы мал қыстату кезеңіне жоспарланған көлемнің 67%-ын құрайтын барлық түрдегі 27,9 млн тонна жемшөп дайындаған.

"Оның ішінде 22,8 млн тонна шөп, 2,1 млн тонна пішендеме, 1 млн тонна құрама жем, 446,2 мың тонна сүрлем және 1,5 млн тонна сабан дайындалды. Қысқы мал қыстату кезеңін тұрақты өткізу және сақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" акционерлік қоғамы 201,3 мың тонна астық көлемінде жемшөп қорын қалыптастырды", - дейді Ауыл шаруашылығыминистрлігі.

Қажет болған жағдайда бұл резерв ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөп ресурстарымен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының барысын бақылауда ұстап отыр, делінген хабарпламада.
Мал шаруашылығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды
Жаңалықтар
0