Бүгін - Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылған
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Бүгін - Құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні. Заң бойынша бұл күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған. Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.
Үгіт-насихат материалдарын алып тастай ма
Сайлау туралы конституциялық заңда тыныштық күніне қатысты нақты бап бар. Оған сәйкес, дауыс беру күні және оның алдындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.
"Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн", - делінген заң нормасында.
Демек, сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орында қалдыруға болады.
Интернет сайттарда бұған дейін жарияланған материалдар да бұрынғы жерде тұруы шарт. Оны жоғары жаққа көтеруге немесе басты бетке шығаруға болмайды.
Интернет сайттарда бұған дейін жарияланған материалдар да бұрынғы жерде тұруы шарт. Оны жоғары жаққа көтеруге немесе басты бетке шығаруға болмайды.
Заң бұзғаны үшін қандай жаза бар
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабында тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылған.
жеке тұлғаларға – 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (2026 жылы 108 125 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (2026 жылы 151 375 теңге).
Айта кетері, 23 тамызда, яғни, дауыс берілетін күні де үгіт жүргізуге тыйым салынған.
Сауалнама нәтижесін жариялауға болмайды
Дауыс беру күні және одан бес күн бұрын қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлаудың алдын ала қорытындылары мен басқа да зерттеулерді жариялауға болмайды. Мұндай сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.
Сауалнаманы жүргізе алатын ұйымдар:
Қоғамдық саясат институты;
"DATAmetrics" ЖШС;
"Еуразиялық интеграция институты" ЖШС;
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Институт комплексных социальных исследований – Астана" ОФ ИКСИ "СОЦИС-А" жеке қоры;
"Демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі.
Сауалнаманы заңсыз жүргізгендер қалай жазаланады
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабына сәйкес, сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салғаны үшін айыппұл қарастырылған.
жеке тұлғаларға – 15 АЕК (55 380 теңге);
заңды тұлғаларға - 30 АЕК (129 750 теңге).
Сауалнама нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында дауыс беру күнінен кейін, яғни 16 наурызда сағат 00.00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.
12,6 млн адам дауыс бере алады
23 тамызда Қазақстанда бір палаталы парламент – Құрылтайға сайлау өтеді. Оған 12 605 788 адам қатысып, дауыс бере алады. Бюллетеньде жеті партия болады. Сондай-ақ, "Барлығына қарсымын" деген графа да болады.
Бюллетеньде партиялардың орналасу кезегі:
Бюллетеньде партиялардың орналасу кезегі:
1.
"Әділет" партиясы2.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы3.
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы4.
Қазақстанның Халық партиясы5.
"Ауыл" партиясы6.
"Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы7.
"Respublica" партиясы.Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру учаскесінен сайлаушыны шығарып жіберу тәртібін де түсіндірген болатын.

