Астанада биыл 1-сыныпқа 35 мыңға жуық бала барады

© Photo : Акимат Жамбылской области Астанада биыл 1-сыныпқа 35 мыңға жуық бала барады
Астанада биыл 1-сыныпқа 35 мыңға жуық бала барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
Жазылу
Құжат қабылдау 28 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Астанада 2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр.
Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, бүгінде 30 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін елорда мектептерінің табалдырығын 35 мыңға жуық бүлдіршін аттайды деп жоспарланып отыр.
Ата-аналар баласын бірінші сыныпқа қабылдату үшін құжаттарды "электрондық үкімет" порталы – www.egov.kz арқылы электронды түрде тапсыра алады. Сонымен қатар құжаттарды мектепке барып, қағаз түрінде де өткізуге мүмкіндік бар.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
"Профилактикалық екпелер картасы" (№065/у);
"Бала денсаулығының паспорты" (№052-2/у);
баланың 3×4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.
Құжаттарды қағаз түрінде тапсырған жағдайда ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі қоса ұсынылады. Бірінші сыныпқа қабылдау тәртібі бойынша толық ақпаратты ата-аналар тұрғылықты жері бойынша мектептерден немесе электронды порталдардан ала алады.
Құжат қабылдау 28 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Баланы 1-сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек
Жаңалықтар
0