https://sputnik.kz/20260822/500-ga-zher-paydalanylmaganatyrauda-auyl-sharuashylygy-zheri-memleketke-qaytaryldy--65938571.html
500 га жер пайдаланылмаған:Атырауда ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
500 га жер пайдаланылмаған:Атырауда ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты жоспардан тыс тексеру... 22.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-22T13:49+0500
2026-08-22T13:49+0500
2026-08-22T13:49+0500
ауыл шаруашылығы
атырау облысы
жер телімі
https://sputnik.kz/img/07ea/08/16/65938665_6:0:1275:714_1920x0_80_0_0_9de90ab9e23a6b6c5d9e428f010400a8.jpg
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында Қызылқоға ауданында орналасқан, шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жалпы алаңы 500 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған. Нәтижесінде жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан немесе нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.
https://sputnik.kz/20260209/pavlodar-oblysynda-quny-26-mlrd-tenge-bolatyn-zher-memleketke-qaytaryldy-61044759.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/16/65938665_164:0:1116:714_1920x0_80_0_0_caec8d932740d3c807fc2f6750833849.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, атырау облысы, жер телімі
ауыл шаруашылығы, атырау облысы, жер телімі
500 га жер пайдаланылмаған:Атырауда ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Қызылқоға ауданында орналасқан, шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жалпы алаңы 500 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған.
"Заң бұзушылықтарды жою мақсатына жер пайдаланушыға тиісті нұсқама берілді. Алайда нұсқама орындалмағандықтан, аталған департамент Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді. Сот талқылауының қорытындысы бойынша департамент талабы толық қанағаттандырылды", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Нәтижесінде жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан немесе нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.