https://sputnik.kz/20260822/4-zhasar-balany-qutqaryp-qaldy-qaragandy-oblysynda--zhasospirim-marapattaldy-65933698.html
4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды
4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды
Sputnik Қазақстан
Кездесу барысында ерлік жасаған жасөспірімнің анасына да алғыс айтылды 22.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-22T11:54+0500
2026-08-22T11:54+0500
2026-08-22T11:56+0500
қарағанды облысы
құтқару
https://sputnik.kz/img/07ea/08/16/65934013_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_2be0773ed9dda9c87132338727a7a6ce.jpg
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Қарағанды облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарған жасөспірімге полиция департаменті алғыс білдірді.Оқиға тамыз айының басында Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінде болған. Суда ойнап жүрген төрт жасар бала мінген үрмелі матрас желдің әсерінен аударылып, бала суға құлап кеткен. Сол сәтте жағалауда болған 9-сынып оқушысы Нұралы Әлхан ойланбастан көмекке ұмтылып, баланы судан аман алып қалған.Кездесу барысында ерлік жасаған жасөспірімнің анасына да алғыс айтылды."Сол сәтті қайта еске алудың өзі қиын. Анасы ретінде балам үшін алғашында қатты қорықтым. Бірақ оның баланы судан аман алып шыққанын естігенде, бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Ұлымның ерлігін ескеріп, құрмет көрсеткен полиция департаментінің басшылығына алғысымды білдіремін, — деді Самал Абдрахманова. Сонымен қатар оның бауырларына да сый-сияпат жасалды.
https://sputnik.kz/20251124/aqshadan-bas-tarttym-3-balany-qutqargan-balyqshy-oqiganyn-qalay-bolganyn-aytty-59076195.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/16/65934013_130:0:1267:853_1920x0_80_0_0_ebbd65a53adf41bae230131123f9f416.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, құтқару
қарағанды облысы, құтқару
4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды
11:54 22.08.2026 (жаңартылды: 11:56 22.08.2026) Кездесу барысында ерлік жасаған жасөспірімнің анасына да алғыс айтылды
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Қарағанды облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарған жасөспірімге полиция департаменті алғыс білдірді.
Оқиға тамыз айының басында Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінде болған.
Суда ойнап жүрген төрт жасар бала мінген үрмелі матрас желдің әсерінен аударылып, бала суға құлап кеткен. Сол сәтте жағалауда болған 9-сынып оқушысы Нұралы Әлхан ойланбастан көмекке ұмтылып, баланы судан аман алып қалған.
"Облыстың бас полицейі Негмет Исмагулов Нұралы Әлханды қабылдап, жасөспірімге ерлігі үшін алғыс білдірді", - дейді полиция.
Кездесу барысында ерлік жасаған жасөспірімнің анасына да алғыс айтылды.
"Сол сәтті қайта еске алудың өзі қиын. Анасы ретінде балам үшін алғашында қатты қорықтым. Бірақ оның баланы судан аман алып шыққанын естігенде, бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Ұлымның ерлігін ескеріп, құрмет көрсеткен полиция департаментінің басшылығына алғысымды білдіремін, — деді Самал Абдрахманова.
Сонымен қатар оның бауырларына да сый-сияпат жасалды.