https://sputnik.kz/20260821/ukraina-eurokomissiyaga-aue-shabuylyna-qarsy-qorganys-zhuyelerin-satyp-aludy-usyndy-65923443.html
Украина Еурокомиссияға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуды ұсынды
Украина Еурокомиссияға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінен бөлек, Украина зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын да сұратуы мүмкін 21.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-21T21:53+0500
2026-08-21T21:53+0500
2026-08-21T21:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/09/16/47276985_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_d4b42e2de8fd7d983fdefc0651788cbf.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Украина Еурокомиссияға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредиттің келесі траншын зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Бұл туралы жұма күні Euronews Еурокомиссия өкіліне сілтеме жасап хабарлады.Жаңа тізімді қыркүйекке дейін жасау жоспарланып отыр. Зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінен бөлек, Украина зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын да сұратуы мүмкін.Бұл ретте америкалық Patriot жүйелерін сатып алуға Еурокомиссияның арнайы рұқсаты қажет болуы мүмкін. Кредит шарттарына сәйкес, ең алдымен Украинада өндірілген қару-жарақты, сондай-ақ ЕО елдері мен Еуропалық экономикалық аймаққа және Еуропалық еркін сауда қауымдастығына кіретін мемлекеттердің кәсіпорындары шығарған өнімдерді сатып алуға басымдық беріледі.Украинаға берілетін 90 миллиард еуролық жалпы кредит көлемінің 60 миллиард еуросы қорғаныс қабілеті мен қорғаныс өнеркәсібін нығайтуға, ал 30 миллиард еуросы бюджетке қолдау көрсетуге бағытталған.2026 жылы Украинаның қорғаныс қажеттіліктеріне 28,3 миллиард еуро бөлу жоспарланып отыр.Еурокомиссия бұған дейін кредит бойынша алғашқы қорғаныс транштары, атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, зымырандарды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары мен жойғыш ұшақтарды сатып алуға жұмсалғанын хабарлаған.Тамыз айының басында Еурокомиссия кезекті 3,47 миллиард еуроны бөлді. Бұл қаражаттың бір бөлігі алыс қашықтыққа ұшатын дрондар, зымырандар және Gripen жойғыш ұшақтарын сатып алуға бағытталмақ.
https://sputnik.kz/20260615/slovakiya-ukrainaga-qaru-eksportyn-20-esege-arttyrdy-64112733.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/16/47276985_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7dfea47c16cc04842f5395216bce985b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина Еурокомиссияға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуды ұсынды
Зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінен бөлек, Украина зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын да сұратуы мүмкін
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Украина Еурокомиссияға 90 миллиард еуро көлеміндегі кредиттің келесі траншын зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Бұл туралы жұма күні Euronews Еурокомиссия өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
"Шенеунік әңгіме америкалық Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері немесе оның еуропалық баламасы – SAMP/T NG зениттік-зымыран кешендері туралы болып отырғанын нақтыламады. Себебі келіссөз әлі жалғасып жатыр және сатып алынатын қару-жарақтың ресми тізімі әзірге ұсынылмаған", - деп түсіндірді телеарна.
Жаңа тізімді қыркүйекке дейін жасау жоспарланып отыр. Зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінен бөлек, Украина зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын да сұратуы мүмкін.
Бұл ретте америкалық Patriot жүйелерін сатып алуға Еурокомиссияның арнайы рұқсаты қажет болуы мүмкін. Кредит шарттарына сәйкес, ең алдымен Украинада өндірілген қару-жарақты, сондай-ақ ЕО елдері мен Еуропалық экономикалық аймаққа және Еуропалық еркін сауда қауымдастығына кіретін мемлекеттердің кәсіпорындары шығарған өнімдерді сатып алуға басымдық беріледі.
Украинаға берілетін 90 миллиард еуролық жалпы кредит көлемінің 60 миллиард еуросы қорғаныс қабілеті мен қорғаныс өнеркәсібін нығайтуға, ал 30 миллиард еуросы бюджетке қолдау көрсетуге бағытталған.
2026 жылы Украинаның қорғаныс қажеттіліктеріне 28,3 миллиард еуро бөлу жоспарланып отыр.
Еурокомиссия бұған дейін кредит бойынша алғашқы қорғаныс транштары, атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, зымырандарды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары мен жойғыш ұшақтарды сатып алуға жұмсалғанын хабарлаған.
Тамыз айының басында Еурокомиссия кезекті 3,47 миллиард еуроны бөлді. Бұл қаражаттың бір бөлігі алыс қашықтыққа ұшатын дрондар, зымырандар және Gripen жойғыш ұшақтарын сатып алуға бағытталмақ.