Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Киевтің Starlink-ке қатысты өтінішін қолдамады – БАҚ

© AP Photo / Alex BrandonПрезидент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Жазылу
Дональд Трамп бұл ұсынысқа нақты жауап бермеген
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Киевтің Starlink байланысы бар дрондарды Ресей аумағына соққы жасау үшін пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішін мақұлдамады. Бұл туралы Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
"Зеленский Трамптан Илoн Маскпен Украинаға Starlink-ті өз шекарасынан тыс жерде пайдалануға рұқсат алу мәселесін талқылауды сұрады. Алайда Ақ үйде өткен кездесуге қатысқандардың айтуынша, Трамп бұл ұсынысқа нақты жауап бермеген және оны қолдамаған сыңай танытқан", - деп жазылған материалда.
Тамыз айының басында The Atlantic журналы да SpaceX компаниясы басшысының спутниктік технологияларды осындай мақсаттарда пайдалануға құлықсыз екенін хабарлаған. Миллиардер қақтығыстың одан әрі ушығып кетуінен қауіптенеді.
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді
Жаңалықтар
0