сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Тоқаев: Бұл сайлау ең тартысты науқандардың бірі ретінде есте қалады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил с обращением к народу Казахстана перед выборами в Курултай
Касым-Жомарт Токаев выступил с обращением к народу Казахстана перед выборами в Курултай - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Жазылу
Құрылтайдың алғашқы сайлау науқаны мазмұнды, ашық, бәсекеге толы әрі өркениетті сипатта өтті
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Алдағы жексенбі күні өтетін сайлау ел тарихындағы ең тартысты науқандардың бірі ретінде есте қалатыны анық. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
"Мен партиялардың барлығы дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуі үшін Құрылтай сайлауы өтетін уақытты ертерек хабарладым. Сондықтан Құрылтайдың алғашқы сайлау науқаны мазмұнды, ашық, бәсекеге толы әрі өркениетті сипатта өтті. Ел азаматтарының сайлау туралы пікірі осындай болды", - деді Тоқаев.
Оның пікірінше партиялар сайлаушылармен кездесу кезінде, сондай-ақ ақпараттағы үгіт-насихат, жалпыұлттық теледебаттар, әлеуметтік желідегі пікірталастар барысында өз бағдарламаларын кеңінен әрі дәйекті түрде таныстырды.
"Қоғамдық пікірталасқа жастарымыз, кәсіби қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер де белсенді қатысты. Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев.
Президент сайлау науқаны отандық және халықаралық байқаушылардың жіті назарында болғанын, олар дауыс беру күні де учаскелерде жұмыс істейтінін атап өтті.
"Жалпыхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша Құрылтайға кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланады деп кәміл сенемін.
Біз геосаяси шиеленіс ширығып, жаһандық сын-қатерлер күшейе түскен кезеңде бет алған бағытымыздан таймай, тек алға қарай жүруіміз қажет. Қазақстанды әлемдегі нағыз озық мемлекеттердің қатарына қосу үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, яғни ұлттық стратегиямызды табысты жүзеге асыруымыз қажет", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Адамдар көп жағдайда қабылданған маңызды шешімдердің шынайы құндылығын жылдар өткен соң ғана түсінеді. Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін дәл осындай бетбұрысты сәт болады.
Ол Қазақстан халқы алдағы жексенбіде жаңа кезеңге қадам басатынын, елдің келешегі әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болатынын айтты.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауынан кейін қандай өзгерістер болады
Жаңалықтар
0