Атырау әуежайында бет-жүзін тұмшалаған 6 жолаушы анықталды

© AP Photo / Maya AlleruzzoПаранджа
Паранджа - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Жазылу
Құқық бұзушылар заң талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Атырау әуежайында көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киген 6 жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар Атырау – Стамбұл әуе рейсімен шетелге ұшқан Атырау қаласының тұрғындары болып шықты.
"Құқық бұзушылар елге оралғаннан кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар аталған тұлғалармен алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция көлік инфрақұрылымы объектілерінде заң талаптарын сақтау аса маңызды екендігін еске салды.
Никаб - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Бет-жүзін тұмшалаған 1600-ден астам адам жауапқа тартылды - ІІМ
Жаңалықтар
0