https://sputnik.kz/20260820/toqaev-qazaqstanda-volonterler-sany-300-mynga-zhaqyndady-65885944.html
Тоқаев: Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жақындады
Тоқаев: Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жақындады
Sputnik Қазақстан
Президент Қазақстан волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті 20.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-20T18:28+0500
2026-08-20T18:28+0500
2026-08-20T18:28+0500
қасым-жомарт тоқаев
еріктілер
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0c/65646116_0:41:1280:761_1920x0_80_0_0_2d54bf5ddae70c714c2cb173059cec87.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстанның волонтерлік бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін Тойли Курбановқа ризашылығын білдірді.Президент Қазақстан волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті. Бұған елдің 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қолдау тапқан орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау жөніндегі ұсынысы дәлел бола алады.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылы аясында мыңнан астам іс-шара өтуде, елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады. Волонтерлік қозғалыстың 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Волонтердің цифрлық паспорты енгізіліп, мемлекеттік қолдау тетіктері мен өңірлік инфрақұрылым жетілдірілуде.Тойли Курбанов БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен жоғары деңгейде ынтымақтастық орнағанына, сондай-ақ Халықаралық еріктілер жылы аясында бірлескен жұмыстардың жолға қойылғанына тоқталып, волонтерлік қозғалысты ілгерілетуге назар аударғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы волонтерлікті дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Тойли Курбановты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
https://sputnik.kz/20251205/toqaev-buu-shtab-paterinde-khalyqaralyq-eriktiler-zhylyna-undeu-zholdady-59386013.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/0c/65646116_48:0:1232:888_1920x0_80_0_0_f9de5e9ef93f98f3a7ec2a37e7ec22a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, еріктілер
қасым-жомарт тоқаев, еріктілер
Тоқаев: Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жақындады
Президент Қазақстан волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Қазақстанның волонтерлік бастамаларын дәйекті түрде қолдағаны және Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына қатысқаны үшін Тойли Курбановқа ризашылығын білдірді.
Президент Қазақстан волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті. Бұған елдің 2026 жылды БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қолдау тапқан орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау жөніндегі ұсынысы дәлел бола алады.
"Біз еріктілікті мемлекеттік саясат тұрғысынан алғанда, шынайы патриотизмнің және жастарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың көрінісі ретінде қарастырамыз. Менің бастамаммен жаңа Конституцияға волонтерлік қағидалары енгізілді. Онда волонтерлік қызметті ынталандыру алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді", – деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылы аясында мыңнан астам іс-шара өтуде, елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады. Волонтерлік қозғалыстың 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Волонтердің цифрлық паспорты енгізіліп, мемлекеттік қолдау тетіктері мен өңірлік инфрақұрылым жетілдірілуде.
Тойли Курбанов БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен жоғары деңгейде ынтымақтастық орнағанына, сондай-ақ Халықаралық еріктілер жылы аясында бірлескен жұмыстардың жолға қойылғанына тоқталып, волонтерлік қозғалысты ілгерілетуге назар аударғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.
"Қазақстан – волонтерлік қызмет саласында үлкен биіктерді бағындырған бірегей ел. Қазақстанның Еріктілер жылын жариялау жөніндегі бастамасын 60-тан аса мемлекет қолдады. Сіздер жаһандық тренд қалыптастырып жатырсыздар. "Таза Қазақстан" сияқты қоғамдық акцияларыңыз бірқатар елде үлкен қызығушылық тудыруда", – деді БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы волонтерлікті дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Тойли Курбановты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.