Инфографика

Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай: негізгі өзгерістер

Жазылу
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанда қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Сайлау 23 тамызда өтеді.
Бұрынғы Парламент Сенат пен Мәжілістен тұрды. Мәжілісте 98, Сенатта 50 депутат болды. Ал жаңа Құрылтай құрамында 145 депутат болады.
Бұрынғы сайлау жүйесінде партиялық тізімдермен қатар бір мандатты округтер қарастырылса, Құрылтай депутаттары партиялық тізім бойынша сайланады.
Жалпыұлттық және бір мандатты округтердің орнына біртұтас жалпыұлттық округ енгізіледі.
Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жыл болады. Парламентте Сенат депутаттары алты жылға, ал Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланатын.
Комитеттер саны да өзгереді. Қазіргі таңда әр палатада жетіге дейін комитет болса, жаңа Құрылтайда олардың жалпы саны сегізге дейін жетеді.
Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.
Жаңалықтар
0