https://sputnik.kz/20260820/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-20-tamyz-65829811.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 20 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 20 тамыз
Sputnik Қазақстан
20 тамызда не болғанын білесіз бе? 20.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-20T00:01+0500
2026-08-20T00:01+0500
2026-08-20T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1105/70/11057033_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_7107bf837212becc57dd2a9152093ec2.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дереқорынан біле аласыз.20 тамызда қандай қызықты оқиға болдыӘлемдегі ең ерекше мерекелердің бірі 20 тамызда тойланатын Дүниежүзілік жалқаулық күні шығар, ресми түрде ешкім тойламаса да, халық арасында кеңінен таралып келеді. Мерекенің мақсаты жалқауларды мадақтау емес. Оның міндеті – созылмалы шаршаңдық синдромы мен күйзеліспен тиімді күресу. Мереке Колумбияның өнеркәсіп орталығы және халық тығыз қоныстанған қаласы Итагуида пайда болған. Бұл күні еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін демалады.Венгрияда – Әулие Иштван күні (венгер мемлекетінің негізін қалаушы). Бұл Венгрияның негізгі мемлекеттік мерекесі. 1000 жылы 20 тамызда Әулие Иштван Бірінші таққа отырды, осылайша Венгрияның алғашқы королі атанды. Иштван басқарған жылдары мажарлар христиандықты қабылдады, ел әкімшілік-аумақтық округтерге бөлінді. 1083 жылы Иштван Бірінші әулиелер санатына қосылды, ал рим папасы Григорий Жетінші 20 тамызды мереке деп жариялады.Қиялы жүйрік әрі ерекше дарын иесі Эдуард Успенскийдің қаламы балаларға сүйкімді кейіпкер Чебурашканы сыйлады. Осы кейіпкердің құрметіне балалар мерекесі – Чебурашканың туған күні тойланады.20 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар1634 жылы Мәскеуде алғашқы букварь жарық көрді;1866 жылы АҚШ-та Ұлттық еңбек одағы Конгреске 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етті. Бұл америкалық еңбек қозғалысының маңызды қадамдарының бірі болды;1913 жылы Киевте бірінші Жалпыресейлік спорттық олимпиада өтті;1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлер "Фау" ракетасын жасап шығаруға тапсырма берді;1960 жылы Сенегал Мали Федерациясынан шықты, осылайша тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты;1968 жылы Варшава шарты ұйымының әскерлері Чехословакияға басып кіріп, "Прага көктемі" реформаларын тоқтатты;1975 жылы NASA Viking 1 ғарыш аппаратын Марсқа ұшырды. Кейін ол Марс бетіне сәтті қонған алғашқы аппарат болды;1988 жылы Иран–Ирак соғысы аяқталды: 20 тамызда атысты тоқтату күшіне енді. Соғыс шамамен сегіз жылға созылды.1991 жылы Эстония Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. 20 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1963 жылы Алматы халық шаруашылығы институты құрылды;1996 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы екіге бөлініп, Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы және Қазақстанның ұлттық продюсерлік орталығы құрылды;2003 жылы Елбасының қолдауымен "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі құрылды;2012 жылы "Алматы" велоклубына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілді;2012 жылы Қазақстан Соломон аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты.2016 жылы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмысын бастады.2016 жылы Шу локомотив депосында Тұрар Рысқұловқа арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.20 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар1601 жылы француз математигі, заңгер әрі философ Пьер де Ферма дүниеге келді;1833 жылы АҚШ-тың 23-президенті Бенджамин Харрисон дүниеге келді;1847 жылы поляк жазушысы, журналист және фельетоншы Болеслав Прус дүниеге келді;1890 жылы америкалық жазушы, фантастика жанрының көрнекті өкілі Говард Филлипс Лавкрафт дүниеге келді;1909 жылы шахматтан әлем чемпионы Ольга Рубцова өмірге келді;1932 жылы орыс жазушысы, драматург және сценарист Василий Аксенов туды;1937 жылы кеңестік, ресейлік және америкалық режиссер, сценарист, қоғам және саяси қайраткер Андрей Кончаловский дүниеге келді;1944 жылы Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Раджив Ганди дүниеге келді;1953 жылы ресейлік ақын, актер, тележүргізуші Владимир Вишневский туды;1974 жылы америкалық актриса Эми Адамс дүниеге келді;20 тамызда Қазақстанда кімдер туды1928 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сүлейменов өмірге келді;1937 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР тұңғыш премьер-министрі Ұзақбай Қараманов дүниеге келді;1938 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәрсенбай Оразбек туды;1952 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Консультативтік кеңестің хатшысы Раиса Шер дүниеге келді;1959 жылы жазушы, этнолог, педагог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев дүниеге келді;1965 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов дүниеге келді;1974 жылы белгілі журналист Арман Сейітмамыт өмірге келді;
https://sputnik.kz/20220817/qazaqstanda-18-tamyzda-qanday-manyzdy-oqigalar-bolady-26797553.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1105/70/11057033_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_3f4ff138de49be26ade4dffcf2d002c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 20 тамыз
20 тамызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дереқорынан біле аласыз.
20 тамызда қандай қызықты оқиға болды
Әлемдегі ең ерекше мерекелердің бірі 20 тамызда тойланатын Дүниежүзілік жалқаулық күні шығар, ресми түрде ешкім тойламаса да, халық арасында кеңінен таралып келеді. Мерекенің мақсаты жалқауларды мадақтау емес. Оның міндеті – созылмалы шаршаңдық синдромы мен күйзеліспен тиімді күресу. Мереке Колумбияның өнеркәсіп орталығы және халық тығыз қоныстанған қаласы Итагуида пайда болған. Бұл күні еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін демалады.
Венгрияда – Әулие Иштван күні (венгер мемлекетінің негізін қалаушы). Бұл Венгрияның негізгі мемлекеттік мерекесі. 1000 жылы 20 тамызда Әулие Иштван Бірінші таққа отырды, осылайша Венгрияның алғашқы королі атанды. Иштван басқарған жылдары мажарлар христиандықты қабылдады, ел әкімшілік-аумақтық округтерге бөлінді. 1083 жылы Иштван Бірінші әулиелер санатына қосылды, ал рим папасы Григорий Жетінші 20 тамызды мереке деп жариялады.
Қиялы жүйрік әрі ерекше дарын иесі Эдуард Успенскийдің қаламы балаларға сүйкімді кейіпкер Чебурашканы сыйлады. Осы кейіпкердің құрметіне балалар мерекесі – Чебурашканың туған күні тойланады.
20 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1634 жылы Мәскеуде алғашқы букварь жарық көрді;
1866 жылы АҚШ-та Ұлттық еңбек одағы Конгреске 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуді талап етті. Бұл америкалық еңбек қозғалысының маңызды қадамдарының бірі болды;
1913 жылы Киевте бірінші Жалпыресейлік спорттық олимпиада өтті;
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлер "Фау" ракетасын жасап шығаруға тапсырма берді;
1960 жылы Сенегал Мали Федерациясынан шықты, осылайша тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты;
1968 жылы Варшава шарты ұйымының әскерлері Чехословакияға басып кіріп, "Прага көктемі" реформаларын тоқтатты;
1975 жылы NASA Viking 1 ғарыш аппаратын Марсқа ұшырды. Кейін ол Марс бетіне сәтті қонған алғашқы аппарат болды;
1988 жылы Иран–Ирак соғысы аяқталды: 20 тамызда атысты тоқтату күшіне енді. Соғыс шамамен сегіз жылға созылды.
1991 жылы Эстония Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
20 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1963 жылы Алматы халық шаруашылығы институты құрылды;
1996 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы екіге бөлініп, Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы және Қазақстанның ұлттық продюсерлік орталығы құрылды;
2003 жылы Елбасының қолдауымен "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі құрылды;
2012 жылы "Алматы" велоклубына Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың есімі берілді;
2012 жылы Қазақстан Соломон аралдарымен дипломатиялық қатынас орнатты.
2016 жылы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жұмысын бастады.
2016 жылы Шу локомотив депосында Тұрар Рысқұловқа арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.
20 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1601 жылы француз математигі, заңгер әрі философ Пьер де Ферма дүниеге келді;
1833 жылы АҚШ-тың 23-президенті Бенджамин Харрисон дүниеге келді;
1847 жылы поляк жазушысы, журналист және фельетоншы Болеслав Прус дүниеге келді;
1890 жылы америкалық жазушы, фантастика жанрының көрнекті өкілі Говард Филлипс Лавкрафт дүниеге келді;
1909 жылы шахматтан әлем чемпионы Ольга Рубцова өмірге келді;
1932 жылы орыс жазушысы, драматург және сценарист Василий Аксенов туды;
1937 жылы кеңестік, ресейлік және америкалық режиссер, сценарист, қоғам және саяси қайраткер Андрей Кончаловский дүниеге келді;
1944 жылы Үндістанның бұрынғы премьер-министрі Раджив Ганди дүниеге келді;
1953 жылы ресейлік ақын, актер, тележүргізуші Владимир Вишневский туды;
1974 жылы америкалық актриса Эми Адамс дүниеге келді;
20 тамызда Қазақстанда кімдер туды
1928 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Сұлтан Сүлейменов өмірге келді;
1937 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР тұңғыш премьер-министрі Ұзақбай Қараманов дүниеге келді;
1938 жылы жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәрсенбай Оразбек туды;
1952 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Консультативтік кеңестің хатшысы Раиса Шер дүниеге келді;
1959 жылы жазушы, этнолог, педагог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев дүниеге келді;
1965 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әбенов дүниеге келді;
1974 жылы белгілі журналист Арман Сейітмамыт өмірге келді;