https://sputnik.kz/20260820/almaty-oblysynda-zheke-sot-oryndaushylary-180-mln-tengeni-qumar-oyyndarga-zhumsagan-65861523.html
Алматы облысында жеке сот орындаушылары 180 млн теңгені құмар ойындарға жұмсаған
Алматы облысында жеке сот орындаушылары 180 млн теңгені құмар ойындарға жұмсаған
Sputnik Қазақстан
20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды 20.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-20T12:39+0500
2026-08-20T12:39+0500
2026-08-20T12:53+0500
бас прокуратура
қылмыс
құмар ойын
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59834040_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_058b75ee74a3310d52e5932bfc503773.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлады бас прокуратурада.Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады.Бас прокуратурада хабарлағандай, жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді.Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.
https://sputnik.kz/20260623/turkistan-oblysynda-memlekettik-qyzmetshiler-zhumys-uaqytynda-qumar-oyyn-oynagan--64368907.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59834040_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_78c9b634641240925a40c04a89c55883.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қылмыс, құмар ойын
бас прокуратура, қылмыс, құмар ойын
Алматы облысында жеке сот орындаушылары 180 млн теңгені құмар ойындарға жұмсаған
12:39 20.08.2026 (жаңартылды: 12:53 20.08.2026) 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлады бас прокуратурада.
Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады.
"Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратурада хабарлағандай, жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді.
Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.