https://sputnik.kz/20260819/tamyzdagy-ubt-ny-27-mynnan-astam-talapker-tapsyrdy-65813928.html
Тамыздағы ҰБТ-ны 27 мыңнан астам талапкер тапсырды
Тамыздағы ҰБТ-ны 27 мыңнан астам талапкер тапсырды
Sputnik Қазақстан
ҰБТ кезінде 66 ереже бұзушылық анықталған 19.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-19T09:29+0500
2026-08-19T09:29+0500
2026-08-19T09:29+0500
министрлік
ұбт
тамыз
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_af99f3f2ffacdf62174e7fd90e8e7376.jpg
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Тамыз айындағы ҰБТ-ны 27 мыңнан астам адам тапсырды, деп хабарлады ғылым және жоғары білім минитсрлігі.Шекті балды талапкерлердің 53%-ы жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 55 балл. Ең жоғары балл – 136. Тамыз ҰБТ-сына 98 ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкер қатысты.2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады, деп ескертті министрлікте.Сонымен қатар өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
https://sputnik.kz/20260725/tamyzdagy-ubt-ga-otinim-qabyldau-bastaldy-65189044.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_103:0:1063:720_1920x0_80_0_0_03c67556474dee3047997995c75617a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, ұбт, тамыз
Тамыздағы ҰБТ-ны 27 мыңнан астам талапкер тапсырды
ҰБТ кезінде 66 ереже бұзушылық анықталған
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Тамыз айындағы ҰБТ-ны 27 мыңнан астам адам тапсырды, деп хабарлады ғылым және жоғары білім минитсрлігі.
Шекті балды талапкерлердің 53%-ы жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 55 балл. Ең жоғары балл – 136. Тамыз ҰБТ-сына 98 ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкер қатысты.
"ҰБТ кезінде 66 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 30 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 36 адам шығарылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады, деп ескертті министрлікте.
Сонымен қатар өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.