Видео

"ҚазАвтоЖол" республикалық трассада техникалық көмек көрсететін пикаптарды іске қосты

© Photo : Пресс-служба КазАвтоЖол"ҚазАвтоЖол" республикалық трассада техникалық көмек көрсететін пикаптарды іске қосты
ҚазАвтоЖол республикалық трассада техникалық көмек көрсететін пикаптарды іске қосты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
Арнайы пикаптар жол бойында алғашқы техникалық көмек көрсетуге қажетті құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтылған
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Республикалық трассаларда техникалық көмек көрсететін пикаптар жұмысын бастады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүргізушілерге техникалық көмек көрсететін жаңа сервисті іске қосты.

Қызмет тегін көрсетіледі

Пилоттық режимде арнайы қызғылт сары пикаптар Астана – Аршалы және Астана – Теміртау бағыттарында жұмысын бастады. Көмек шақыру үшін 1403 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу жеткілікті. Қызмет тегін көрсетіледі.
"Көлік жолда өшіп қалды, дөңгелек жарылды немесе желі шықты, сүйреп әкету қажет болды не басқа да күтпеген жағдай туындады делік. Енді жүргізуші "ҚазАвтоЖолдың" байланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің орналасқан жері мен туындаған мәселені операторға хабарлай алады", - деп жазылған хабарламада.
Өтініш қабылданғаннан кейін оқиға орнына техникалық қызмет экипажы жіберіледі.

Көліктің трассада тоқтап қалса, көмекке келеді

Арнайы пикаптар жол бойында алғашқы техникалық көмек көрсетуге қажетті құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтылған. Көліктер ашық қызғылт сары түске боялған және арнайы жарық сигналдарымен жабдықталған. Сондықтан олар жол қозғалысының басқа қатысушыларына алыстан анық көрінеді.
Экипаждар дөңгелек зақымданған немесе желі шыққан жағдайда, көлікте техникалық ақау пайда болғанда, сүйреп әкету қажет болғанда және жүргізуші өздігінен қозғалысын жалғастыра алмайтын өзге де жағдайларда көмек көрсете алады.
Жаңа сервистің негізгі міндеті – жүргізушіге көмек көрсетумен ғана шектелмей, жолдағы ықтимал қауіпті жағдайды барынша жедел жою.
Көліктің трассада амалсыз тоқтап қалуы, әсіресе жоғары жылдамдықты учаскелерде, түнгі уақытта немесе қолайсыз ауа райында барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қосымша қауіп тудырады. Сондықтан тоқтаған көліктің орнын дер кезінде белгілеу, жүргізушіге қажетті көмек көрсету және қажет болған жағдайда көлікті қауіпсіз жерге шығару маңызды.
Пилоттық жоба жаңа қызметке деген сұранысты, экипаждардың әрекет ету уақытын және жүргізушілер жиі кездесетін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Жинақталған тәжірибе республикалық автожолдардағы техникалық көмек жүйесін одан әрі дамыту кезінде ескеріледі.

Көмекті қалай шақыруға болады?

Республикалық трассада көлік бұзылып немесе басқа да күтпеген жағдай туындаса, 1403 қысқа нөміріне хабарласып, операторға тұрған жеріңізді, қозғалыс бағытын және мәселенің сипатын айту қажет.
Техникалық қызмет келгенге дейін мүмкіндігінше көлікті жолдың жүру бөлігінен қауіпсіз жерге шығарып, авариялық жарық сигналын қосып, қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.
"ҚазАвтоЖолдың" жаңа сервисінің басты мақсаты – республикалық трассада қиын жағдайға тап болған жүргізушіге жедел көмек көрсету және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дейді компанияда.
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2026
Видео
"Ақылы жолдың белгілері зақымданды": ҚазАвтоЖол ұйықтап кеткен жүргізушіні көрсетті
Жаңалықтар
0