Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаев туралы норма алынып тасталды

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
Тоқаев жарлыққа 2026 жылдың 14 тамызында қол қойды
АЛМАТЫ, 19 тамыз — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына сыртқы саясат мәселелері бойынша бастамалармен өмір бойы жүгіну құқығын алып тастады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзгеріс енгізу туралы жарлыққа 2026 жылдың 14 тамызында қол қойды.
"7-тараудың 1-тармағы алынып тасталсын", - делінген жарлықта.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарыда аталған құқығы дәл осы тармақта қамтылған болатын.
Сонымен қатар, тұжырымдама мәтіні жаңа Конституцияға сәйкес келтірілді. Атап айтқанда, "азамат" ұғымы "Қазақстан Республикасының азаматы" ұғымына өзгертілді, "Тәуелсіздік" және "Егемендік" сөздері бас әріппен жазылды, ал "Парламент" сөзі "Құрылтайға" ауыстырылды.
Қазақстанның Тұңғыш президенті туралы заң 2023 жылғы ақпанда күшін жойды.
Токаев предложил создать коалицию стран по первичной медико-санитарной помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Елде қос билік орнату әрекеті, Назарбаев, қанды қаңтар, АЭС: Тоқаев көлемді сұхбат берді
Жаңалықтар
0