Қазақстанда жаңа банк ашылуы мүмкін

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк басшылығы China Construction Bank (CCB) төрағасы Чжан Цзиньлянмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу кезінде Қазақстанның банк секторының жай-күйі мен даму болашағы талқыланды.
"Екіжақты қаржылық ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда CCB еншілес банкін құру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қытайдың құрылыс банкі әлемдегі ірі банктердің бірі болып саналады. Қаржы ұйымы әлем бойынша 6 триллион доллардың активтерін басқарады.
Глава Нацбанка Казахстана Тимур Сулейменов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Ұлттық банк төрағасы орынбасарына салынған айыппұлға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0