Қазақстанда 111 жыл бұрын тіркелген жылу рекорды жаңарды

Жазылу
Шілде айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-4 градусқа жоғары болды
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 111 жыл бұрын тіркелген жылу рекорды жаңарды, деп хабарлады "Қазгидромет".
2026 жылдың шілде айы Қазақстанда аптап ыстықпен және еліміздің бірқатар өңірінде тіркелген температуралық рекордтармен есте қалды.

"Түркістанда ауа температурасы +47,6 градусқа дейін көтерілсе, Шымкентте 111 жыл бұрын тіркелген температуралық рекорд жаңарды", - дейді синоптиктер.

Қазгидрометтің мәліметінше, шілде айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-4 градусқа жоғары болды.
Алматыда 16-20 шілде аралығында бірден төрт температуралық рекорд жаңартылды: 16 шілдеде — +38 градус, 17 шілдеде — +39,2, 18 шілдеде — +40, ал 20 шілдеде — +41,5 градус тіркелді.
Шымкентте ауа температурасы +45,2 градусқа дейін жетті. 16 және 17 шілдеде 1915 жылғы рекордтар жаңарды — ол кезде ауа температурасы тиісінше +41,1 және +40,1 градус болған.
Астанада 14 шілдеде +38,6 градус, ал Өскеменде 16 шілдеде +39,7 градус тіркелді.
Қызылордада 17 шілдеде ауа температурасы +45,2 градусқа дейін көтерілсе, 18 шілдеде Түркістанда +47,6 градус тіркелді. 2019 жылғы алдыңғы рекорд +43,7 градус болған.
"қазгидромет" мәліметінше, шілде айы тек аптап ыстықпен ғана ерекшеленген жоқ. Кейбір өңірлерде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан бірнеше есе жоғары болды. Мысалы, Түркістан облысының Жетісай ауданында бір айда түскен жауын-шашын мөлшері нормадан 15 есе асып түсті.
жара - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Алматыда тағы бір температуралық рекорд тіркелді
Жаңалықтар
0