Қарағандыда күріш бағасы 235 теңгеге дейін төмендетілді

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуРис, архивное фото
Рис, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
Тауарға 160%-дық сауда үстемесі қосылған. Кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында жүргізілген тексеріс барысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азық-түлік өнімдеріне негізсіз жоғары сауда үстемесін қосу фактілерін анықтады. Мәселен, Қарағанды қаласында бір дүкен иесі күріштің келісін 205 теңгеден сатып алып, халыққа 556 теңгеден сатқан.
"Яғни тауарға 160%-дық сауда үстемесі қосылған. Кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның нәтижесінде күріштің бағасы 235 теңгеге дейін төмендетілді", – дейді департамент мамандары.
Облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтерудің басқа да фактілері анықталды. Атап айтқанда, қатты ірімшіктің сатып алу бағасы 3 353 теңге болса, сауда желілеріне ол 5 517 теңгеден жеткізілген. Сауда үстемесі 64%-ды құраған. Тексеріс нәтижесінде өнімнің бағасы 3 855 теңгеге дейін төмендетілді.
Сол сияқты 472 теңгеге сатып алынған қара шай дүкенде 1 079 теңгеден сатылған. Департамент мамандары оның бағасын 496 теңгеге дейін түсірді.
Тауық фаршының бағасы да негізсіз көтерілген. Кәсіпкер өнімнің келісін 1 655 теңгеден сатып алып, 2 400 теңгеден сатқан. Бақылау шараларынан кейін тауардың бағасы 1 903 теңгеге дейін төмендетілді.
Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосылатын сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс.
Сыроварня в итальянском городе Парма - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Үкімет көп импортталатын 6 азық-түлік өнімін атады
Жаңалықтар
0