Видео

Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Полиция 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.
Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған.
"Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда.
Тергеу жалғасып жатыр.
Туалет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Аузына топырақ толтырып, әжетханаға тастаған: 24 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды
Жаңалықтар
0