Сот құптамады: фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші болып қалады

© Қосшы қаласының әкімдігіФельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тас орнатылды
Фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тас орнатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Жазылу
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ болды, алайда сот Әділет Зейнептің бұл өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осылайша іс бойынша алты адам жәбірленуші деп танылды. Олардың қатарында Ұлдананың анасы Сәлима Ешенқұлова да бар.
Сот жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтінішті қайта беруге болатынын ескертті.
Бұл іс бойынша айыпталушы – Мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) төрағасы Сәуле Жұбаниязова. Ол үй қасбетін күтіп ұстамағаны үшін айыпталып отыр.
Келесі сот отырысы 20 тамызда тікелей эфирде өтеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылы 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Олардың арасында қызметтік міндетін атқаруға барған екі фельдшер болды. 23 жастағы Ұлдана Мырзуан 18 қарашада ауруханада көз жұмды.
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Жаңалықтар
0