https://sputnik.kz/20260818/qazaqstannyn-shikizattyq-emes-tauarlar-eksporty-zheti-zhylda-eki-esege-zhuyq-osti-65800932.html
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты жеті жылда екі есеге жуық өсті
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты жеті жылда екі есеге жуық өсті
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты 2026 жылдың алғашқы алты айында 17,6%-ға өсті 18.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-18T22:50+0500
2026-08-18T22:50+0500
2026-08-18T22:50+0500
қазақстан
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54427257_0:169:3039:1878_1920x0_80_0_0_6b568d8d25e60bac704de6b7b05e2ce2.jpg
АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Қазақстанның әлем елдерімен шикізаттық емес тауарлар бойынша тауар айналымы 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында $43,9 млрд-қа жетті, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,6%-ға немесе $3,1 млрд-қа өсті.2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның шикізаттық емес және өңделген тауарлар экспортының өсімі жалғасты. Экспорт негізгі өсім драйверіне айналды. Бір жыл ішінде экспорттық жеткізілімдер $2,3 млрд-қа өсіп, $12,9 млрд-тан $15,2 млрд-қа жетті. Ал импорт 3%-ға өсіп, $27,9 млрд-тан $28,7 млрд-қа дейін ұлғайды.Осылайша, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында шикізаттық емес және өңделген тауарлар экспорты импортқа қарағанда шамамен алты есе жылдам өсті. Сонымен қатар сауда балансының теріс сальдосы $14,9 млрд-тан $13,5 млрд-қа дейін қысқарып, $1,4 млрд-қа жақсарды.Соңғы жеті жылдағы динамика да айқын көрінеді. 2019 жылдың қаңтар–маусым айларында шикізаттық емес және өңделген тауарлардың тауар айналымы $23,6 млрд, ал экспорт $7,72 млрд болды. 2026 жылдың қаңтар–маусымында бұл көрсеткіштер тиісінше $43,9 млрд және $15,2 млрд-қа жетті. Осылайша, жеті жыл ішінде тауар айналымы шамамен 1,9 есеге, ал экспорт 97%-ға өсіп, екі есеге жуық артты. Сонымен қатар $15,2 млрд көлеміндегі қазіргі экспорт осы кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш болды.
https://sputnik.kz/20251024/qazaqstan-ozbekstanmen-70-mln-dollardan-astam-somaga-eksport-zhoninde-kelisti-58186484.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/09/54427257_155:0:2884:2047_1920x0_80_0_0_7cceb59dae90ea460d94acd9f7f0e397.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, экспорт
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты жеті жылда екі есеге жуық өсті
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты 2026 жылдың алғашқы алты айында 17,6%-ға өсті
АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Қазақстанның әлем елдерімен шикізаттық емес тауарлар бойынша тауар айналымы 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында $43,9 млрд-қа жетті, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,6%-ға немесе $3,1 млрд-қа өсті.
"Бұл ретте экспорт айтарлықтай жоғары қарқын көрсетті. 2026 жылдың алғашқы алты айында қазақстандық кәсіпорындар сыртқы нарықтарға $15,2 млрд сомасына өңделген тауар жөнелтті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%-ға көп", — деп жазылған министрлік хабарламасында.
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның шикізаттық емес және өңделген тауарлар экспортының өсімі жалғасты. Экспорт негізгі өсім драйверіне айналды. Бір жыл ішінде экспорттық жеткізілімдер $2,3 млрд-қа өсіп, $12,9 млрд-тан $15,2 млрд-қа жетті. Ал импорт 3%-ға өсіп, $27,9 млрд-тан $28,7 млрд-қа дейін ұлғайды.
Осылайша, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында шикізаттық емес және өңделген тауарлар экспорты импортқа қарағанда шамамен алты есе жылдам өсті. Сонымен қатар сауда балансының теріс сальдосы $14,9 млрд-тан $13,5 млрд-қа дейін қысқарып, $1,4 млрд-қа жақсарды.
Соңғы жеті жылдағы динамика да айқын көрінеді. 2019 жылдың қаңтар–маусым айларында шикізаттық емес және өңделген тауарлардың тауар айналымы $23,6 млрд, ал экспорт $7,72 млрд болды. 2026 жылдың қаңтар–маусымында бұл көрсеткіштер тиісінше $43,9 млрд және $15,2 млрд-қа жетті. Осылайша, жеті жыл ішінде тауар айналымы шамамен 1,9 есеге, ал экспорт 97%-ға өсіп, екі есеге жуық артты. Сонымен қатар $15,2 млрд көлеміндегі қазіргі экспорт осы кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш болды.