Қазақстан Каспийдегі мұнай-газ нысандарын қалай қорғайды

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Жазылу
Шығындарды жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өтейді
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстан Каспий теңізіндегі мұнай-газ нысандарын қорғау үшін олардың маңына терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының күштерін орналастыра алады. Бұл туралы Қазақстан Энергетика министрлігінің бұйрығында айтылған.
Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар жедел штабтың сұрауы бойынша теңіздегі өндірістік нысандардан 23 шақырымнан аспайтын жерде, кемінде 10 қызметкерді орналастыруға арналған орын және тікұшақ алаңын қамтамасыз етуге тиіс.
Жедел штабтың күштері мен құралдарын нысандардың маңына жылжымалы теңіз құралдарына орналастыруға болады.
Құжатқа сәйкес, бұл шығындарды жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өтейді. Сонымен қатар шығындардың нақты тізімі, көлемі, оларды өтеу және төлеу тәртібі тараптардың келісімімен анықталады.
Қазақстандағы теңіз учаскелерін игерумен айналысатын ең ірі жер қойнауын пайдаланушы — NCOC (North Caspian Operating Company) консорциумы. Оның құрамына жеті компания кіреді: "ҚазМұнайГаз" — 16,88%, италиялық Eni, британиялық Shell, америкалық ExxonMobil және франциялық TotalEnergies — 16,81%-дан, қытайлық CNPC — 8,33% және жапониялық INPEX — 7,56%.
Қашаған кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Қазақстан мұнай өндіруді 60 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0