https://sputnik.kz/20260818/paralimpiada-chempiony-erbol-khamitov-zhol-apatyna-tusti-65806014.html
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті
Sputnik Қазақстан
Жүргізуші тоқтамастан, ештеңе айтпай, оқиға орнынан кетіп қалған 18.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-18T19:40+0500
2026-08-18T19:40+0500
2026-08-18T19:40+0500
жол апаты
спортшы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62168601_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_916700dc3ea5cb6a443191f4509a3717.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстандық парабиатлоншы және шаңғышы Ербол Хамитов Италияның Ливиньо қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны кезінде жол апатына тап болды, деп хабарлады 1bol.kz.Спортшы жаттығудан кейін велосипедпен қонақүйге қайтып бара жатқанда жол жиегінде тұрған Mercedes минивэні кенет қозғалып, оның жолына шыққан. Хамитовтың айтуынша, жүргізуші велосипедшіні көрсе де тоқтамаған және кейін оқиға орнынан кетіп қалған.Оқиғадан кейін спортшы велосипедті жалға алған дүкенге барып, жағдайды түсіндіріп, видеоны көрсеткен. Дүкен қызметкерлері полиция шақырмақ болғанымен, Хамитов бұған қарсылық білдірген.Соған қарамастан, бүлінген велосипедтің шығынын Хамитов өзі өтеуге мәжбүр болған.Паралимпиада чемпионы жүргізушілерге де үндеу жасап, мұндай жағдайда оқиға орнынан кетіп қалмау керектігін айтты.Абырой болғанда, спортшы жарақат алмаған. Ол қазіргі таңда Ливиньодағы оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатыр.
https://sputnik.kz/20260313/erbol-khamitov-paralimpiada-oyyndarynda-altyn-medal-ielendi-61825980.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62168601_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_29ee2cc7fbd699f71f4a4353336d4e54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты, спортшы
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына түсті
Жүргізуші тоқтамастан, ештеңе айтпай, оқиға орнынан кетіп қалған
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстандық парабиатлоншы және шаңғышы Ербол Хамитов Италияның Ливиньо қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны кезінде жол апатына тап болды, деп хабарлады
1bol.kz. Спортшы жаттығудан кейін велосипедпен қонақүйге қайтып бара жатқанда жол жиегінде тұрған Mercedes минивэні кенет қозғалып, оның жолына шыққан. Хамитовтың айтуынша, жүргізуші велосипедшіні көрсе де тоқтамаған және кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
"Жағымсыз жағдайға тап болдым. Мені Mercedes минивэні қағып кетті. Жүргізуші тоқтамастан, ештеңе айтпай, оқиға орнынан кетіп қалды. Абырой болғанда, өзім дін аманмын. Тек жалға алған велосипедімнің дөңгелегі майысып қалды", – деді Хамитов.
Оқиғадан кейін спортшы велосипедті жалға алған дүкенге барып, жағдайды түсіндіріп, видеоны көрсеткен. Дүкен қызметкерлері полиция шақырмақ болғанымен, Хамитов бұған қарсылық білдірген.
"Бәріміз аманбыз, сол себепті жүргізушіні жазалаудың қажеті жоқ дедім. Бұл оған сабақ болсын. Ең бастысы – ешкім зардап шеккен жоқ", – деді спортшы.
Соған қарамастан, бүлінген велосипедтің шығынын Хамитов өзі өтеуге мәжбүр болған.
Паралимпиада чемпионы жүргізушілерге де үндеу жасап, мұндай жағдайда оқиға орнынан кетіп қалмау керектігін айтты.
"Егер адамды қағып кетсеңіз, міндетті түрде тоқтау керек", – деді Ербол Хамитов.
Абырой болғанда, спортшы жарақат алмаған. Ол қазіргі таңда Ливиньодағы оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатыр.