Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев пен Варшава Patriot зымырандарын жеткізу бойынша келіссөзді жалғастырып жатыр - елші

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуPatriot зымыраны
Patriot зымыраны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Жазылу
Ол келіссөздер нәтижелері туралы ақпарат құпия болатынын айтты
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Украина мен Польша Киевке америкалық Patriot ЗЗК үшін зымырандарды жеткізу бойынша келіссөздерді жалғастырып жатыр, деп мәлімдеді Украинаның Польшадағы елшісі Василий Боднар RMF FM радиосының эфирінде.

"Біз жұмыс істеп жатырмыз, бірақ нақты мәліметтерді Қорғаныс министрлігі береді", - деді Боднар Patriot зымырандарының Польшадан Украинаға жеткізілетіні туралы сұраққа жауап бере отырып.

Ол келіссөздер нәтижелері туралы ақпарат құпия болатынын айтты.
"Бұл жария емес ақпарат болады", - деді елші.
Бұған дейін ұлтшыл "Конфедерация" коалициясынан шыққан Польша Сеймінің вице-спикері Кшиштоф Босак Польша Украинаға Варшава әуе қорғаныс жүйесі үшін сатып алған Patriot зымырандарын бергенін мәлімдеген болатын. Польша президенті кеңсесінің Халықаралық саясат бюросының басшысы Марчин Пшидач Польша бұған дейін АҚШ-тан Украинаға Patriot зымырандарын сатып алу кезегін бергенін мәлімдеді.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ бар кез келген жөнелтілім Ресей үшін заңды нысана болатынын мәлімдеді.
Patriot зымыран кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Польшада оппозициялық партия Украинаға Patriot зымырандарын беруге қарсылық білдірді
Жаңалықтар
0