https://sputnik.kz/20260818/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-18-tamyz-65775312.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 тамыз
Sputnik Қазақстан
18 тамызда не болғанын білесіз бе? 18.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-18T00:01+0500
2026-08-18T00:01+0500
2026-08-18T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1105/69/11056924_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_a3907fd770dd2b0107e91555383b611c.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.18 тамызда қандай қызықты оқиға болдыБүгін Қазақстанның шекарашылары кәсіби мерекесін атап өтеді. 1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан президенті "Шекара әскерін құру туралы" жарлыққа қол қойды, алайда Қазақстанның мемлекеттік мерекелері күнтізбесіндегі ресми дата – 2012 жылдың 29 тамызы. Қазақстанның жеке шекара әскерін жасақтау қажеттілігі 1991 жылы КСРО күйрегеннен кейін туындады. Жаңа бөлімше Кеңес Одағындағы ең мықты деп саналған, штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан Қызыл Ту Шығыс шекара округы базасында құрылды. Кәсіби мерекеде осы салада қызмет ететін әскерилерді тікелей басшылық пен ел басшылығы құттықтайды, кейбір қалаларда шекарашылар бөлімшелерінің парадтары өтеді.Сондай-ақ бүгін – Ортақ тіл күні. Бұл мерекенің лингвистикалық ерекшеліктерге ешқандай қатысы жоқ. Кейде адамдардан "Біз әр түрлі тілде сөйлейміз" деген сөзді естиміз, бұл бір-бірімізді толық түсінбейтініміз дегенді білдіреді. Бүгінгі күн адамдармен ортақ тіл табуға және бір-бірімен тілдесуге әрекет жасап көруге шақырады.18 тамыз — Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігін зерттеу күні (World Breast Cancer Research Day) . Бұл күн сүт безі қатерлі ісігін зерттеуге және ем іздеуге назар аударуға арналған.Сондай-ақ бүгін — Дүниежүзілік "Ешқашан берілме" күні (World Never Give Up Day). Бұл күн қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуға, мақсаттан бас тартпауға және кез келген жағдайда табандылық танытуға үндейді. 18 тамыз бұл атаулы күн ретінде халықаралық күнтізбелерде көрсетілген.18 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар1201 жылы Рига қаласының негізі қаланды;1227 жылы Моңғол империясының негізін қалаушы Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол Қытайдан Арал теңізіне дейін созылған алып империя құрды;1743 жылы Джек Бротон (en:Jack Broughton) бокстың негізгі ережелерін енгізді;1868 жылы күн спектрінде жаңа элемент – гелий табылды;1877 жылы америкалық астроном Асаф Холл марстың жер серігі – Фобосты ашты;1900 жылы француз Перски телевидение деген жаңа сөзді қолданысқа енгізді;1913 жылы Монте-Карло ойынханасында шар 26 рет қатарынан қараға түсіп, рекордты оқиға болды;1914 жылы Санкт-Петербор қаласының атауы Петроград болып өзгерді;1920 жылы АҚШ конституцияға әйелдерге сайлауда дауыс беру құқығын беретін 19-шы түзетуді қабылдады;1958 жылы АҚШ-та Владимир Набоковтың даулы "Лолита" романы жарық көрді;1976 жылы Кеңес Одағының "Луна-24" автоматты станциясы Айға қонды. Станция Ай топырағының үлгілерін Жерге жеткізді;1989 жылы Колумбиядағы президенттікке негізгі үміткерлердің бірі Луис Карлос Галан қастандықпен өлтірілді;1991 жылы Михаил Горбачев Қырымда үйқамаққа алынды;1992 жылы әлемде алғашқы нормативті емес лексиканың сөздігі басылып шықты.18 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1992 жылы Қазақстан президентінің Шекара қызметін құру туралы жарлығы қабылданды;1992 жылы Қазақстан мен Бельгия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;1993 жылы режиссер Ермек Шынарбаев Швейцарияның Локарно қаласында өткен кинофестивальде "Сұрғылт үш бұрышты орын" фильмі үшін "Алтын қабылан" Гран-приін жеңіп алды;2004 жылы "Қазпошта" Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттік пошта төлемінің белгісі – "Қазақтелекомның" 10 жылдығы құрметіне орай пошта блогы айналымға енгізілді;2005 жылы Алматыда төрт адамға арналған "Қазшах" шахмат нұсқасының тұсаукесері өтті. "Қазшах" - қазақстандық дизайнер Азат Байсеркеев ойлап тапқан шахматтың жаңа түрі. Ойын 64 ұяшыққа бөлінген тақтада ойналады.18 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар1952 жылы америкалық актер Патрик Суэйзи дүниеге келді;1966 жылы "Не? Қайда? Қашан?" телеойынының жүргізушісі Борис Крюк дүниеге келді;1685 жылы ағылшын математигі, "Тейлор қатары" формуласының авторы Брук Тейлор дүниеге келді;1921 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Галина Короткевич дүниеге келді;1936 жылы америкалық режиссер, актер, "Оскар" сыйлығының иегері Роберт Редфорд дүниеге келді;1938 жылы кеңестік, украиналық және ресейлік эстрада әншісі (баритон) Вадим Мулерман дүниеге келді. РСФСР халық әртісі (1991). Украинаның еңбек сіңірген әртісі (2007);1943 жылы Италия футболшы Джанни Ривера дүниеге келді;1945 жылы композитор, кеңес музыканты, әнші әрі әндердің авторы Владимир Мигуля дүниеге келді;1952 жылы америкалық киноактер, биші, әнші Патрик Суэйзи дүниеге келді.18 тамызда Қазақстанда кім туды1943 жылы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманғос Ершуов дүниеге келді. Ол Атырау облысының Ембі ауданында туған;1948 жылы тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академигі Мәмбет Қойгелдиев дүниеге келді;1953 жылы бұрынғы ҚР білім және ғылым министрі, техника ғылымының докторы Бақытжан Жұмағұлов дүниеге келді;1954 жылы техника ғылымдарының кандидаты Қозыкөрпеш Есенберлин дүниеге келді;1977 жылы бұрынғы парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов дүниеге келді.
https://sputnik.kz/20220816/qazaqstanda-17-tamyzda-qanday-manyzdy-oqigalar-bolady-26757410.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1105/69/11056924_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_c15b2011f0ffd2ed9f6e709510fdea3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 тамыз
18 тамызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
18 тамызда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Қазақстанның шекарашылары кәсіби мерекесін атап өтеді. 1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан президенті "Шекара әскерін құру туралы" жарлыққа қол қойды, алайда Қазақстанның мемлекеттік мерекелері күнтізбесіндегі ресми дата – 2012 жылдың 29 тамызы. Қазақстанның жеке шекара әскерін жасақтау қажеттілігі 1991 жылы КСРО күйрегеннен кейін туындады. Жаңа бөлімше Кеңес Одағындағы ең мықты деп саналған, штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан Қызыл Ту Шығыс шекара округы базасында құрылды. Кәсіби мерекеде осы салада қызмет ететін әскерилерді тікелей басшылық пен ел басшылығы құттықтайды, кейбір қалаларда шекарашылар бөлімшелерінің парадтары өтеді.
Сондай-ақ бүгін – Ортақ тіл күні. Бұл мерекенің лингвистикалық ерекшеліктерге ешқандай қатысы жоқ. Кейде адамдардан "Біз әр түрлі тілде сөйлейміз" деген сөзді естиміз, бұл бір-бірімізді толық түсінбейтініміз дегенді білдіреді. Бүгінгі күн адамдармен ортақ тіл табуға және бір-бірімен тілдесуге әрекет жасап көруге шақырады.
18 тамыз — Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігін зерттеу күні (World Breast Cancer Research Day) . Бұл күн сүт безі қатерлі ісігін зерттеуге және ем іздеуге назар аударуға арналған.
Сондай-ақ бүгін — Дүниежүзілік "Ешқашан берілме" күні (World Never Give Up Day). Бұл күн қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуға, мақсаттан бас тартпауға және кез келген жағдайда табандылық танытуға үндейді. 18 тамыз бұл атаулы күн ретінде халықаралық күнтізбелерде көрсетілген.
18 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1201 жылы Рига қаласының негізі қаланды;
1227 жылы Моңғол империясының негізін қалаушы Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол Қытайдан Арал теңізіне дейін созылған алып империя құрды;
1743 жылы Джек Бротон (en:Jack Broughton) бокстың негізгі ережелерін енгізді;
1868 жылы күн спектрінде жаңа элемент – гелий табылды;
1877 жылы америкалық астроном Асаф Холл марстың жер серігі – Фобосты ашты;
1900 жылы француз Перски телевидение деген жаңа сөзді қолданысқа енгізді;
1913 жылы Монте-Карло ойынханасында шар 26 рет қатарынан қараға түсіп, рекордты оқиға болды;
1914 жылы Санкт-Петербор қаласының атауы Петроград болып өзгерді;
1920 жылы АҚШ конституцияға әйелдерге сайлауда дауыс беру құқығын беретін 19-шы түзетуді қабылдады;
1958 жылы АҚШ-та Владимир Набоковтың даулы "Лолита" романы жарық көрді;
1976 жылы Кеңес Одағының "Луна-24" автоматты станциясы Айға қонды. Станция Ай топырағының үлгілерін Жерге жеткізді;
1989 жылы Колумбиядағы президенттікке негізгі үміткерлердің бірі Луис Карлос Галан қастандықпен өлтірілді;
1991 жылы Михаил Горбачев Қырымда үйқамаққа алынды;
1992 жылы әлемде алғашқы нормативті емес лексиканың сөздігі басылып шықты.
18 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы Қазақстан президентінің Шекара қызметін құру туралы жарлығы қабылданды;
1992 жылы Қазақстан мен Бельгия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
1993 жылы режиссер Ермек Шынарбаев Швейцарияның Локарно қаласында өткен кинофестивальде "Сұрғылт үш бұрышты орын" фильмі үшін "Алтын қабылан" Гран-приін жеңіп алды;
2004 жылы "Қазпошта" Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттік пошта төлемінің белгісі – "Қазақтелекомның" 10 жылдығы құрметіне орай пошта блогы айналымға енгізілді;
2005 жылы Алматыда төрт адамға арналған "Қазшах" шахмат нұсқасының тұсаукесері өтті. "Қазшах" - қазақстандық дизайнер Азат Байсеркеев ойлап тапқан шахматтың жаңа түрі. Ойын 64 ұяшыққа бөлінген тақтада ойналады.
18 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1952 жылы америкалық актер Патрик Суэйзи дүниеге келді;
1966 жылы "Не? Қайда? Қашан?" телеойынының жүргізушісі Борис Крюк дүниеге келді;
1685 жылы ағылшын математигі, "Тейлор қатары" формуласының авторы Брук Тейлор дүниеге келді;
1921 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Галина Короткевич дүниеге келді;
1936 жылы америкалық режиссер, актер, "Оскар" сыйлығының иегері Роберт Редфорд дүниеге келді;
1938 жылы кеңестік, украиналық және ресейлік эстрада әншісі (баритон) Вадим Мулерман дүниеге келді. РСФСР халық әртісі (1991). Украинаның еңбек сіңірген әртісі (2007);
1943 жылы Италия футболшы Джанни Ривера дүниеге келді;
1945 жылы композитор, кеңес музыканты, әнші әрі әндердің авторы Владимир Мигуля дүниеге келді;
1952 жылы америкалық киноактер, биші, әнші Патрик Суэйзи дүниеге келді.
18 тамызда Қазақстанда кім туды
1943 жылы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманғос Ершуов дүниеге келді. Ол Атырау облысының Ембі ауданында туған;
1948 жылы тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академигі Мәмбет Қойгелдиев дүниеге келді;
1953 жылы бұрынғы ҚР білім және ғылым министрі, техника ғылымының докторы Бақытжан Жұмағұлов дүниеге келді;
1954 жылы техника ғылымдарының кандидаты Қозыкөрпеш Есенберлин дүниеге келді;
1977 жылы бұрынғы парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов дүниеге келді.