Бектенов жүздеген мектептің жөндеу жұмысын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды

© Sputnik / Александр Миридонов / Медиабанкке өтуОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Жазылу
Жаңа оқу жылы басталғанша физика, химия, биология, робототехника бойынша 500 пәндік кабинет жабдықталуы шарт
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов 1 қыркүйекке дейін жүздеген мектептің жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жылдың соңында 64 мектептің құрылысы аяқталуы қажет. Ал 1 қыркүйекке дейін әкімдіктер 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға тиіс.
"Бірқатар өңірде 13 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екенін атап өтемін. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай,Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар. Аталған өңір әкімдеріне жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын тікелей бақылауға алуды тапсырамын", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, жаңа оқу жылы басталғанша физика, химия, биология, робототехника бойынша 500 пәндік кабинет жабдықталуы шарт.
"Жалпы жыл соңына дейін еліміздің мектептерінде барлығы 1400-ден астам арнайы кабинет орнату керек. Бірқатар өңірлер тез арада қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс", - деді премьер.
Бектенов бірінші кезекте Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ұлытау және Ақмола облыстарында аталған мәселеге баса назар аударуды тапсырды.
Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
6,5 млн теңгенің сыйақысы: мектеп оқушылары қанша табыс тапты
Жаңалықтар
0