Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам Ресейден экстрадицияланды

© Пресс-служба Генеральной прокуратуры КазахстанаПодозреваемого в мошенничестве экстрадировали из России в Казахстан
Подозреваемого в мошенничестве экстрадировали из России в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2026
Жазылу
Ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу мәліметінше, 2019 жылдың ақпанында күдікті Ақмола облысындағы кен орнында құрамында алтын бар кенді өндіруге арналған келісімшарт жасасуға көмектесемін деген сылтаумен үш азаматтан 500 мың АҚШ долларын алдап алған.
"Сонымен қатар 2021 жылы ол екі кәсіпкерді "ҚазАвтоЖол" АҚ-мен жол-құрылыс жұмыстарына қатысты келісімшарт жасасуға көмектесемін деп, 93,4 млн теңге беруге көндірген", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін күдікті шетелге қашып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Өткен жылдың қыркүйегінде ол Ресейдің Мәскеу қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.
Из Вьетнама в Казахстан экстрадировали мужчину, напавшего с ножом на собственную мать - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Анасына пышақ сұққан қазақстандық Вьетнамнан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0