"Денесінде сау-тамтық жоқ": Жамбыл облысында 19 жастағы келіншек өлі табылды

© Sputnik / Алексей Сухоруков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
Марқұмның 2 жыл бұрын дін жолымен некесі қиылған. Артында 8 айлық ұлы қалды
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы келіншектің мәйіті табылды. Полиция суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алайда Мәдина Авезованың туыстары қайғылы жағдайға ерлі-зайыптының арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін деп отыр. Айтуларынша, марқұмның 23 жастағы күйеуінің тұрақты жұмысы жоқ. Дәл оқиға болатын күні жалданып жұмыс істеп, азын аулақ-ақша тауып келген.
"Сол ақшасына "барни" тәттісін алыпты. Мәдина біреуін ұлына беріп, біреуін өзі жеген. Күйеуі соған сөйлеген. Сөзден сөз шығып, жанжалдасып қалған. Оған енесі қосылған. Мәдина есікті тарс жауып, шығып кеткен. Күйеуі артынан барып, ұрған", - дейді марқұм келіншектің құрбысы Нұрила Арыстанбек.
Мәдинаның анасы ғана бар, не бауыр, не әкесі жоқ. Өзі Өзбекстан азаматы. Заңды некеде емес, дін жолымен некесі қиылып, отбасы құрғанына 2 жыл болған. 8 айлық ұлы бар.
"Қызымның денесінде сау-тамтық жоқ. Ол өзіне қол жұмсаған жоқ, оны өлтіріп, асып қойды", - дейді келіншектің анасы Шахло Матякупова.
Туыстарының айтуынша, күйеу баланың туыстары қоқан-лоққы көрсетіп, жанжал тудырған. Қазір марқұм қыздың анасына адвокат керек.
Жамбыл облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері барлық тараптың уәждерін тексеріп, қолда бар мәліметтерді зерделейді. Тергеу үшін маңызы бар әрбір фактіге құқықтық баға беріледі", - дейді полиция.
Бейсбол битасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Семейде бұрынғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам сотталды
Жаңалықтар
0