Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 тамыз

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 17 тамыз
Күнтізбе - 17 тамыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
17 тамызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

17 тамызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Бүкіләлемдік бұралқы жануарлар күні (International Homeless Animals Day). Бұл күн Халықаралық жануарлардың құқығын қорғау қоғамының (International Society for Animal Rights, ISAR) бастамасымен бекітілді. Олар бұл ұсынысты 1992 жылы жария етті, бастаманы түрлі елдердің жануарларды қорғау ұйымдары қолдады.
Бұл күн мейрам емес, оның мақсаты - панасыз қалған жануарлар проблемасын көтеріп, оларды мейлінше көп адамға жеткізу. Бүкіл әлем бойынша бүгін қайырымдылық шаралары өтеді. Волонтерлер концерттер, конкурстар мен аукциондар өткізіп, одан түскен қаржыны бұралқы жануарларға, бірінші кезекте иттер мен мысықтарға қамқорлық көрсетуге жұмсайды.
Ресейде бүгін Әуе флоты күні аталып өтеді. Тәуелсіз Ресейдің қазіргі тарихына сүйенсек, мейрам 1992 жылы бекітілген. Ал егер ертеректегі тарихқа үңілсек, әуе флотына Николай 2 мен Иосиф Сталин үлкен мән берген.
Қытайда бүгін Ци Си мейрамы – ең романтикалық дәстүрлі мереке, ол бақташы мен тоқымашы арасындағы махаббат тарихымен тығыз байланысты.

17 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1771 жылы ағылшын ғалымы Джозеф Пристли фотосинтезді ашты;
1787 жылы Будапеште бірлесіп ғибадат жасауға рұқсат етілді;
1807 жылы америкалық өнертапқыш Роберт Фултонның "North River Steamboat" пароходы Нью-Йорктен Олбаниға алғашқы коммерциялық сапарын жасады;
1896 жылы Бриджет Дрисколл тарихта тұңғыш рет автокөлік соғып өлтірген адам ретінде қалды;
1903 жылы АҚШ-та Пулитцер сыйлығы бекітілді;
1928 жылы Мәскеуде "Динамо" стадионы ашылды;
1960 жылы Габон Франциядан тәуелсіздігін жариялады;
1974 жылы Гаванада алғаш рет бокстан әлем чемпионаты ашылды;
1977 жылы кеңестік "Арктика" атом мұзжарғышы Солтүстік полюске жеткен алғашқы жерүсті кемесі болды;
1982 жылы Philips компаниясы алғашқы коммерциялық компакт-дискілердің өндірісін бастады;
1999 жылы Түркияның Измит қаласы маңында магнитудасы 7,6 болатын жойқын жер сілкінісі болып, 17 мыңнан астам адам қаза тапты;
2008 жылы америкалық жүзуші Майкл Фелпс Бейжің Олимпиадасында сегізінші алтын медалін жеңіп алып, бір Олимпиададағы алтын медаль саны бойынша рекорд орнатты.

17 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1947 жылы Өскемен қаласында түсті металлургия кәсіпорындарын жобалау жөніндегі "Қазгипроцветмет" институты құрылды;
2000 жылы Алматыдағы Орталық концерт залына композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді;
2006 жылы "Әлем діндері" және "Діни ғимараттар" атты екі пошта маркасы айналымға енгізілді;
2009 жылы Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылы жанындағы "Хан сүйегі" төбесінде Уәли хан кесенесі бой көтерді;
2010 жылы Астана 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге өтініш берді;
2011 жылы Шымкент ТМД және ЕурАзЭҚ елдерінің арасындағы ең үздік қала деп танылды;
2011 жылы ТМД атқарушы комитеті мен ЕурАзЭҚ және астаналар мен ірі қалалар халықаралық ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың нәтижесі бойынша ТМД мен ЕурАзЭҚ үздік қаласы болып Шымкент танылды.

17 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1601 жылы француз философы және математигі Пьер Гассенди дүниеге келді;
1893 жылы америкалық актриса, ең атышулы жұлдыздардың бірі Мэй Уэст дүниеге келді;
1911 жылы шахматтан кеңес одағының алғашқы чемпионы Михаил Ботвинник дүниеге келді;
1935 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, КСРО халық әртісі Олег Табаков дүниеге келді;
1943 жылы америкалық актер Роберт де Ниро дүниеге келді;
1960 жылы америкалық актер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Шон Пенн дүниеге келді;
1977 жылы француз футболшысы Тьерри Анри дүниеге келді.

17 тамызда Қазақстанда кім туды

1924 жылы филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рабиға Сыздық дүниеге келді;
1940 жылы суретші-мүсінші, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ольга Прокопьева дүниеге келді;
1963 жылы бұрынғы бас прокурор Жақып Асанов дүниеге келді.
1992 жылы қазақстандық ауыр атлет, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиков дүниеге келді.
Күнтізбе - 15 тамыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2026
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 тамыз
Жаңалықтар
0