https://sputnik.kz/20260817/almaty-oblysynda-alty-bala-zhol-apatyna-tusti-bireui-koz-zhumdy-65772050.html
Алматы облысында алты бала жол апатына түсті: біреуі көз жұмды
Алматы облысында алты бала жол апатына түсті: біреуі көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Көлік рөлінде болған бала нағашы ағасының көлігін рұқсатсыз мініп кеткен 17.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-17T15:36+0500
2026-08-17T15:36+0500
2026-08-17T15:37+0500
алматы облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/old/1281/16/12811685_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_90ca964e656171b0ecd539b4ad122e91.jpg
АЛМАТЫ, 17 тамыз — Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында 16 жастағы алты бала жол апатына түсті. Олардың біреуі көз жұмды. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне балалардың бірінің анасы айтып берді.Қайғылы жағдай 17 тамызға қараған түні сағат 02:00 шамасында болған. Көлік аударылып кеткен.Балалар Қарасаз ауылына бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жолға шығып кеткен жылқыдан айналып өтпек болған кезде көлік аударылған.Көлік жүргізген бала нағашы ағасының көлігін рұқсатсыз мініп кеткен.Қонақ болып келген бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жол апатына түскендердің барлығы бірден аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілген.Sputnik Қазақстан тілшісі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлерден сұрады."Бес бала жеткізілді. Біреуі жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмды. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Төртеуінің жағдайы тұрақты", — дейді Райымбек аудандық ауруханасының дәрігерлері.Оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті әзірге ақпарат берген жоқ.
https://sputnik.kz/20260629/turkistan-oblysynda-bes-bala-zhol-apatynan-koz-zhumdy-64540033.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1281/16/12811685_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_202ea410067afc55780ae1670e5ea8a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, жол апаты
Алматы облысында алты бала жол апатына түсті: біреуі көз жұмды
15:36 17.08.2026 (жаңартылды: 15:37 17.08.2026) Көлік рөлінде болған бала нағашы ағасының көлігін рұқсатсыз мініп кеткен
АЛМАТЫ, 17 тамыз — Sputnik. Алматы облысы Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында 16 жастағы алты бала жол апатына түсті. Олардың біреуі көз жұмды. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне балалардың бірінің анасы айтып берді.
Қайғылы жағдай 17 тамызға қараған түні сағат 02:00 шамасында болған. Көлік аударылып кеткен.
"Қызым кешкісін қыздарға барып келемін деп шығып кеткен. Ылғи бірге жүрген қыздар. Көз жұмған қыз – менің қызымның құрбысы. Бір үйдің жалғыз қызы еді", — дейді Гүлмария Синтикова.
Балалар Қарасаз ауылына бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жолға шығып кеткен жылқыдан айналып өтпек болған кезде көлік аударылған.
"Көлік жоғары жылдамдықпен жүрген деп жатыр. Қызымның арқасы, беті мен қолы жараланған. Миы шайқалған дейді. Маған түнгі сағат үш жарымда фельдшер хабарласып, қызың жол апатына түсті деді. Біреуі қонақ болып келген бала екен. Ал көлік рөлінде ұл бала болған. Бәрі – сыныптастар. Қарасазға не үшін бармақ болғанын білмеймін", — дейді қыздың анасы.
Көлік жүргізген бала нағашы ағасының көлігін рұқсатсыз мініп кеткен.
"Ол бала нағашы ағасының көлігін мініп кеткен. Ағасы мұны білмеген де, шөпте болған. Бала қаладан келіп, көлікті мініп кетіпті. Ата-анасы оның қаладан келгенін де білмей қалған", - дейді Гүлмария Синтикова.
Қонақ болып келген бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жол апатына түскендердің барлығы бірден аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілген.
Sputnik Қазақстан тілшісі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлерден сұрады.
"Бес бала жеткізілді. Біреуі жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмды. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Төртеуінің жағдайы тұрақты", — дейді Райымбек аудандық ауруханасының дәрігерлері.
Оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті әзірге ақпарат берген жоқ.