"500 мың теңгенің ваучері беріледі": Астанада ІТ мамандықтарға өтінім қабылдау басталды

Роботтар - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2026
Жазылу
Өтінім қабылдау 7 қыркүйекке дейін жалғасады
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Astana Hub сұранысқа ие IT мамандықтарын меңгеруге арналған бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бағдарлама аясында 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар IT-мектептерде оқуға арналған ваучер алып, сұранысқа ие цифрлық мамандықтардың бірін меңгере алады.
"Бағдарлама аясында қатысушылар офлайн форматтағы оқу үшін 500 000 теңгеге дейін, ал онлайн немесе гибридті форматтағы оқу үшін 400 000 теңгеге дейін номиналды ваучер ала алады", - делінген ресми хабарламада.
Негізгі бағыттар:
жасанды интеллект;
киберқауіпсіздік;
бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
деректерді талдау;
Cloud & DevOps;
GameDev;
өнім менеджменті;
UI/UX-дизайн.
Өтінім қабылдау 7 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал қатысу шарттары, аккредиттелген мектептердің тізімі және тіркелу туралы толық ақпарат Astana Hub платформасында қолжетімді Қосымша ақпаратты таңдаған IT-мектептен немесе 1818 нөмірі арқылы алуға болады.
Айта кетері, Tech Orda бағдарламасы аясында осымен бесінші - мерейтойлық маусымына өтінім қабылданады. 2021 жылдан бері 12,5 мыңнан астам қазақстандық білім алды. Мониторинг нәтижелері бойынша экономикалық белсенді түлектердің 90%-ы жұмысқа орналасқан, ал олардың орташа жалақысы 725 мың теңгені құрайды, бұл елдегі орташа айлық жалақыдан шамамен 43%-ға жоғары. Сондай-ақ 3,2 мыңнан астам адам Tech Orda бағдарламасының арқасында мамандығын өзгертіп, IT саласында мансабын бастады.
Бағдарлама түлектерін 1 287 компания жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында Kaspi.kz, Halyk Bank, Freedom Finance, Kolesa Group, Kcell, EPAM Kazakhstan, Yandex, Wolt, 2GIS, Deloitte, KPMG, EY және Accenture сияқты жетекші компаниялар бар.
Абитуриенты Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Әкімдіктер мен ЖОО-лар талапкерлерге 4,4 мыңнан астам грант бөлді
Жаңалықтар
0