https://sputnik.kz/20260816/elordada-astana-sport-power-fest-zhobasynyn-ekinshi-mausymy-bastaldy-65755540.html
Елордада ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталды
Елордада ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталды
Sputnik Қазақстан
Ол 15 тамыздан 5 қыркүйекке дейін әр сенбі сайын өтеді. Қатысу тегін 16.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-16T18:54+0500
2026-08-16T18:54+0500
2026-08-16T18:54+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d40091b9e9bdf52ababb68b0b85b4b5a.jpg
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Спорт күніне орай және "Астана – есірткісіз қала" қалалық акциясы аясында елордада ASTANA SPORT POWER FEST ауқымды жобасының екінші маусымы ресми түрде ашылды. Іс-шара Орталық саябақта, Атырау көпірі маңында өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің және елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.Спорттық марафон бағдарламасына кәсіби мамандардың жетекшілігімен өтетін ашық жаттығулар, тартысты жарыстар, байқаулар мен интерактивті көше ойындары енгізілген. Маусым аясында күштік спорт пен қол күресіне қызығатындарды біріктіретін "Мост" атты көше турнирі де ұйымдастырылады.Ауқымды іс-шараны "Елорда азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігі, "Қазақстанның стронгмендер ұлттық федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасының Қол күресі федерациясы ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – әрбір қала тұрғыны мен қонағына спортпен айналысып, денсаулығына пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік беретін қолжетімді, қауіпсіз әрі жағымды спорттық орта қалыптастыру."ASTANA SPORT POWER FEST-тің екінші маусымы мен "Мост" көше турнирі – жай ғана спорттық жарыстар топтамасы емес, елорда жастары мен отбасылары арасында салауатты әрі саналы демалыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік қадам. Біз спортты жасына және физикалық мүмкіндігіне қарамастан, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін де барынша қолжетімді етуді көздейміз. Фестиваліміз елорда тұрғындарын спорт пен "Астана – есірткісіз қала" тұжырымдамасының айналасына біріктіруге бағытталған. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын Атырау көпірі маңындағы Орталық саябаққа келіп, уақытты белсенді әрі пайдалы өткізуге шақырамыз!", – деді жоба ұйымдастырушылары.
https://sputnik.kz/20260805/2027-zhyly-astanada-uefa-kongresi-otedi-65483149.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_114:0:2845:2048_1920x0_80_0_0_843dfe986cdb124f6992ddd5a211a2db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Елордада ASTANA SPORT POWER FEST жобасының екінші маусымы басталды
Ол 15 тамыздан 5 қыркүйекке дейін әр сенбі сайын өтеді. Қатысу тегін
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Спорт күніне орай және "Астана – есірткісіз қала" қалалық акциясы аясында елордада ASTANA SPORT POWER FEST ауқымды жобасының екінші маусымы ресми түрде ашылды. Іс-шара Орталық саябақта, Атырау көпірі маңында өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің және елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
"Жоба бұқаралық спортты дамытуға, қала тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға тартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ашық қалалық алаң ретінде ұйымдастырылған. Фестиваль төрт кезеңнен тұрады. Ол 15 тамыздан 5 қыркүйекке дейін әр сенбі сайын сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Қатысу тегін. Оған жасы әртүрлі белсенді демалысты ұнататын тұрғындармен қатар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар да қатыса алады", - деп жазылған хабарламада.
Спорттық марафон бағдарламасына кәсіби мамандардың жетекшілігімен өтетін ашық жаттығулар, тартысты жарыстар, байқаулар мен интерактивті көше ойындары енгізілген. Маусым аясында күштік спорт пен қол күресіне қызығатындарды біріктіретін "Мост" атты көше турнирі де ұйымдастырылады.
Ауқымды іс-шараны "Елорда азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігі, "Қазақстанның стронгмендер ұлттық федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасының Қол күресі федерациясы ұйымдастырып отыр. Басты мақсат – әрбір қала тұрғыны мен қонағына спортпен айналысып, денсаулығына пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік беретін қолжетімді, қауіпсіз әрі жағымды спорттық орта қалыптастыру.
"ASTANA SPORT POWER FEST-тің екінші маусымы мен "Мост" көше турнирі – жай ғана спорттық жарыстар топтамасы емес, елорда жастары мен отбасылары арасында салауатты әрі саналы демалыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік қадам. Біз спортты жасына және физикалық мүмкіндігіне қарамастан, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін де барынша қолжетімді етуді көздейміз. Фестиваліміз елорда тұрғындарын спорт пен "Астана – есірткісіз қала" тұжырымдамасының айналасына біріктіруге бағытталған. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын Атырау көпірі маңындағы Орталық саябаққа келіп, уақытты белсенді әрі пайдалы өткізуге шақырамыз!", – деді жоба ұйымдастырушылары.